Облыс бойынша бүгінге дейін 260 адамды кене тістеген

 

Облыс бойынша бүгінге дейін 260 адамды кене тістеген
Облыс бойынша бүгінге дейін 260 адамды кене тістеген

Кенеден келетін кеселден сақ болыңыз! Көршілес Қызылорда облысында Қырым қанды қызбасынан екі кісі қайтыс болса, оңтүстікте санитар мамандардың жинаған 4329 кенесінің біреуі оң нәтеже көрсеткен. Бұл әлі де болса қауіп күшті екендігін көрсетеді. Оның үстіне биыл кене шаққан азаматтардың саны өткен жылмен салыстырғанда екі есеге өскен. Ал ветеринар мамандар кенеге қарсы күресті биыл кеш бастапты.

ОҚО бойынша кенеге таланғандардан Шымкент қаласы көш басында. Бүгінге дейін 50 жерлесімізді кене шаққан. Ордабасы ауданында да кене шағу оқиғалары тым көбейіп кеткен.

Мамандар Шымкенте кенелер белсенділігінің артуы қалада залалсыздандыру жүмыстарының кеш басталғанынан деп отыр.

Облыс аудандарында кенеменен күрес наурыздың 26 жұлдызында басталса, ауа райын желеу еткен шымкенттіктер сәуірді күтіп жүріп қалыпты.

Облыс бойынша бүгінге дейін 260 адамды кене тістеген. Өткен жылы ол 114 болған екен. Қазір мамандар жаппай кене теріп, қай ауданда ауру тарататын жәндіктердің таралғанын анықтап жатыр. Әзірге Жетісай қаласынан әкелінген кененің Қырым қанды безгегін таратушы екені анықталды.

Дәрігерлер әр мал басын залалсыздандырудан өткізіп, аурудан аулақ болу керектігін ескертіп жүр. 

Облыс бойынша ірі қараны бүрку 15 қораға іргелес аумақтар 20 пайызға орындалса, үсақ малдарды тоқыту бар болғаны бір пайыз. Ол дегеніміз әлі де болса кенеден қорғанудың қажеттігін көрсетеді.

Осы шараға 400 млн теңге бөлген үкіметтегілер қора-қопса мен оған жапсарлас аумақтардың көлемін де көбейткен. Мақсат қауіпті кеселден қорғану.

[youtube]http://www.youtube.com/watch?v=Cy-D-3BCwOk[/youtube]