Абай ауданының әкімшілігі ардагерлерді құттықтады

1225
Іс-шара "Гауһар сарайы" тойханасының кең залында өтті

Ұлы Жеңіс күні қарсаңында жер-жерде Ұлыс Отан соғысының ардагерлеріне ұрмет көрсетіліп жатыр. Осындай қошеметтен Шымкенттегі Абай ауданының ардагерлері де сырт қалған жоқ. Жергілікті билік дастархан жайып, 250-ге тарта соғыс және еңбек ардагерінің басын қосты.

Іс-шара "Гауһар сарайы" тойханасының кең залында өтті
Іс-шара «Гауһар сарайы» тойханасының кең залында өтті

Қариялар көптен бері көрмеген қаруластарымен кездесіп, арқа-жарқа болды. Кешегі сұм соғыста қан кешкен аталардың бүгінгі жастарға айтар жалғыз ғана тілегі бар.

Абылай Қазбаев, қарт барлаушы
Абылай Қазбаев, қарт барлаушы

 

«Біздің көргенімізді жастар көрмесін! – дейді Абылай Қазбаев, қарт барлаушы. – Әр уақытта бейбітшілік болсын! Құдай жерде патшаға сабыр берсін! Осы жастарға тілейтінім – ынтымақты болыңдар! Біздің жолымызды беріп, Отанымызды қорғап, аман-есен бола берсін! Әр уақытта жақсылық болсын!»

Жалпы, Абай ауданында 300-ден астам Ұлы Отан соғысының және тыл ардагері бар. Әкімшілік қызметкерлері солардың денсаулығына байланысты бүгінгі жиынға келе алмағандарының үйді-үйіне барып, сый-сияпаттарын табыстайды.

Жамбыл Байғонов, Абай ауданының әкімі
Жамбыл Байғонов, Абай ауданының әкімі

 

 

«Ардагерлер мен қарт кісілерге құрмет көрсету тек 9-мамырмен аяқталып қалмайды, – дейді Абай ауданының әкімі Жамбыл Байғонов. – Біздің мамандар жай күндері де қарт кісілерге көмек көрсетуге тырысамыз. Жастар мен оқушылар жалғызілікті ардагерлердің үйіне барып, тұрмысына көмектеседі.»