Шымкентте Отан қорғаушылар күніне орай әскери шеру өтті

1070
Сарбаздардан кейін шеруді әскери техникалар жалғады

Биыл Отан қорғаушылар күні Қазақстанда алғаш рет кең ауқымда атап өтілді. Осыған орай Оңтүстік Қазақстан облысының орталығы – Шымкент қаласында әркери шеру ұйымдастырылды. Оған ұзын-саны 700-ге жуық сарбаз бен 10-нан астам әскери техника жұмылдырылды. Оңтүстік өңірінде көптен бері болмаған ауқымды іс-шара Әл Фараби алаңында өтті.

Шеру басталуға 5 минут қалды

Әскери шеруді тамашалауға шымкенттіктер мен қала тұрғындары көп жиналды. Жауапты тұлғалардың шеруді жақсы ұйымдастырғанын атап өту керек.

Шеруді тамашалауға келген халықтың арасында жас балалар да көп болды

 

Ұлы Отан соғысының ардагерлері – шерудің құрметті қонақтары
Ауған соғысының ардагерлері де бүгінгі ауқымды шарадан тыс қалған жоқ

 

Облыс және қала басшылығы, Қарулы күштердің ардагерлері Қазақстанның мемлекеттік әнұранын орындау сәтінде

 

Әскери іс-шара кезінде мемлекеттік туды алып жүру – аса жауапты міндет
Шымкент әскери гарнизонының басшылары шеруді бастамақ

 

Сонымен, шеру басталды
Әскери шеруді Сабыр Рахымов атындағы әскери оқу орнының курсанттары бастады
Олардан кейін 35748 әскери бөлімінің құрлық сарбаздары келеді

 

Сапты танк бөлімінің сарбаздары жалғауда
Мотоатқыштар бригадасы
10216 әскери бөлімінің әскери-ғарышты қорғаушы жауынгерлері
6506 әскери бөлімінің сарбаздары (ішкі әскерлер)
Шеруге М.Әуезов атындағы ОҚМУ әскери кафедрасының студенттері де қатысты
Әскери шеруді облыстық ІІД қызметкерлері қорытындылады
Сарбаздардан кейін шеруді әскери техникалар жалғады
«Град» зымырандары ұрыс кезінде үлкен рөл атқарады
Гаубица-зеңбіректер
Минометті-зенитті атқыштар тобы
Әл Фараби алаңына жиналған тұрғындар
Балдай тәтті балалық шақтың бір көрінісі
Ал әскери үлгіде киініп алған мына балғын өскенде Отан қорғаушы болуды армандайды
Сіздермен бірге әскери шеруді тамашалаған «Отырар» телеарнасының шығармашылық тобы

[youtube]http://www.youtube.com/watch?v=d92CbivwbPQ[/youtube]