Тұтынушылар үздіксіз жарықпен қамтылмақ

233
"Оңтүстік Жарық транзит" мекемесі барлық подстанциялардағы құрылғыларды жаңасына ауыстырып жатыр

 

"Оңтүстік Жарық транзит" мекемесі барлық подстанциялардағы құрылғыларды жаңасына ауыстырып жатыр
«Оңтүстік Жарық транзит» мекемесі барлық подстанциялардағы құрылғыларды жаңасына ауыстыруда

Тұтынушыларды үздіксіз жарықпен қамту. Осыны көздеген «Оңтүстік Жарық транзит» мекемесі барлық подстанциялардағы құрылғыларды жаңасына ауыстырып жатыр. Тіпті электр энергиясының сапасын арттыру үшін 2013-2015 жылдарға арналған инвестициялық бағдарлама да жасап қойды. Қазір сол бағдарламаны жүзеге асыру қарқынды жүріп жатыр.

Орталық жүйенің инженері Абдували Бердібеков үшін бұл сәттің орны бөлек. Өйткені ол алғаш рет осы жұмысқа орналасқан кезде бұл подстанцияларға майлы шамжаққыштарды орнатып еді. Міне, араға жылдар салып сол электр қосқыштарды жаңасына ауыстырып жатыр.

Майлы қосқыштарды вакумдысына ауыстыру кезең кезеңімен жүзеге асырылмақ. Және инвестициялық бағдарлама аясында барлық подстанциялардағы шамжаққыштар өзгертіледі дейді ОЖТ мекемесінің өкілдері.

Айта өтейік, бұл модернизациялаудың екінші кезеңі. Алғашқысы 2011 және 2012 жылдары түгел орындалған. Мұның барлығы өңір жұртшылығын жарықпен үздіксіз қамту үшін қолға алынған тірлік.

[youtube]http://www.youtube.com/watch?v=VElADxJ2pR8[/youtube]