Жеңімпаздар құрметке лайық

Жайна Шекербекова Польшада өткен «Феликс Штамм» турнирінде алтын жүлдені еншіледі
Жайна Шекербекова Польшада өткен «Феликс Штамм» турнирінде алтын жүлдені еншіледі
Жайна Шекербекова Польшада өткен «Феликс Штамм» турнирінде алтын жүлдені еншіледі

Облыстық бокс федерациясының басшылары дарынды спортшыларды қолдауға әманда құмбыл. Жарыстардан жеңіспен оралған боксшыларға ақшалай сыйақы беріп, диплом тапсыруды әдетке айналдырған. Бұл жолы да игі дәстүрден жаңылған жоқ. Жуырда жерлестеріміз бірқатар халықаралық турнирлерден олжалы оралған еді. Жайна Шекербекова Польшада өткен «Феликс Штамм» турнирінде алтын жүлдені еншіледі. Ал жасөспірім боксшымыз Любовь Хасиева Укринада өткен турнирде ерекше көзге түскен. Сол себепті, облыстық бокс федерациясының президенті Асқар Зауытбекұлы жеңімпаз қыздардың басын қосты. Марапаттау рәсімі «Отырар» телеарнасының мәжіліс залында өтті. А.Тұрысбеков мырза жеңімпаз спортшылардың еңбегін ерекше атап өтіп, сый-сияпат үлестірді. Сонымен бірге, боксшылардың томағасын сыпырған бапкер Виктор Ничайды да құр қол қалдырған жоқ.

 Тағабай ҚАСЫМ

Вице-президент марапатқа ие болды
Вице-президент марапатқа ие болды

Aл осы кезде…

Таяуда Шымқалада бокстан жасөспірімдер арасындағы Азия чемпионаты өткені мәлім. Біріншіліктің жоғары деңгейде өтуі үшін «Петро Қазақстан Ойл Продактс» ЖШС көп үлес қосты. Облыстағы әлеуетті компания тек бұл ғана емес, өңірімізде өтіп жатқан барлық бокс бәсекелеріне қол ұшын созып келеді. Сол себепті, облыстық бокс федерациясының басшысы Асқар Тұрысбеков компанияның өндіріс жөніндегі вице-президенті Цзян Шиге құрмет көрсетті. Спорт саласын дамытуға үлес қосқаны  үшін бағалы сыйлықтар мен арнайы диплом табыстады.