БАҚ арасында спартакиада басталды

308
Тілшілер қауымы асығын алшысынан түсуін қалайды
Мақпал Ыбрайым - "Отырар" ТА тілшісі
Мақпал Ыбырайым – «Отырар» ТА тілшісі

Спартакиаданың аясында өтіп жатқан спорт түрлерінің алғашқысы – шахмат ойыны болды. Бұл таңдау да тектен тек емес. Тілші – шахмат ойынымен етене таныс болуы тиіс дейді журналист қауымы.

Интелектуалдардың сайысына төрт бойжеткен ғана бағын сынауға ниет етіпті. Олардың арасында ең жасы Отырар телеарнасының тілшісі Мақпал Ыбрайым. Мақпал бұқаралық ақпараттар құралдарының арасындағы спартакиадаға биыл алғаш рет қатысып отыр. Шахмат ойынына қызыға түскен ол алдағы уақытта мұндай іс- шаралардан қалмаймын деп отыр.

Тілшілер қауымы асығын алшысынан түсуін қалайды
Тілшілер қауымы асығын алшысынан түсуін қалайды

Шахмат орталығында тілшілер интелектуалды ойында шебер екенін дәлелдеумен әлек болып жатса, өзге әріптестеріміз  балалық шақты еске алды. Арнайы алып келінген асықты тізіп қойып, ұлттық ойында да епті екенін байқатты.

Онға жуық ойыншы екі метрдей жерде қаздай тізілген асыққа көздеумен әлек. Нәтижесінде үш жерлесіміз топты жарып шықты. Ұлттық ойында шеберлік танытқандарға арнайы сыйлықтар да дайын болып шықты. Келесі де өзге де ұлттық ойындарды спартакиаданың спорт түрлеріне енгізсек ата бабадан өсиет ұмыт болмас еді деп тілшілер жағы көңілді-күйде тарқасты.

 

[youtube]http://www.youtube.com/watch?v=vveasiLX0Vk[/youtube]