Жаңалықтар 

ОҚО-да 20 жылдан астам орнынан қозғалмаған директорлар бар

ҰБТ-дің қорытындысы бойынша Мақтарал ауданы мен Шымкент шыңға өрлесе, Созақ пен Сарыағаш соңғы орында. Депутаттар нысанасына іліккен де осы жыл сайын жетістікке жете алмаса да, жылы орнын босатпайтын білім орындарының басшылары болды. Облыстың бас мұғалімі бұл мәселеде қауқарсызбыз, дәлірек айтқанда құзырымыз жоқ деп бақты.

Альбина Елшиева, облыстық білім басқармасының басшысы: «36  мектеп соңғы екі жылда рейтингтің төмен жағында қалып қойған. 49 директор мектепті бір жылдан көп басқарған. Олардың кейбірі 22 жылдан бері білім ошағын басқарып келеді. Біз қазір оларды қызметіне сай емес деп аудан әкімдіктеріне ұсыныс беріп отырмыз».

Иә, басқарма басшысының айтуынша, ҰБТдан өңірімз республика бойынша ортаңғы көрсеткішке ие. Дегенмен ресми қорытынды әлі шықпапты. Осы орайда облыстық мәслихаттың депутаты Оңалбай Аяшев тест кезеңі келгенде мектеп директорларының құйтырқылыққа баратынын айтып қалды.

Оңалбай Аяшев, облыстық маслихаттың депутаты: «Ең жаманы, осы емтихан жақындағанда, жаңа жылдан кейін барлық бітіруші класстардың балалары екі сортқа бөлінеді. Тапсыратындар, тапсырмайтындар. Ол сізге белгіліғой. Осы індетті қашан тоқтатамыз? Осының барлығын істеп отырған директорлар ғой».

төмен көрсеткіш көрсеткен мектеп басшылары неге ауыспайды?!
төмен көрсеткіш көрсеткен мектеп басшылары неге ауыспайды?!

Сонымен қатар, саяси кеңес мүшелерін алаңдатқан тағы бір жәйт. Сарыағаш, Мақтарал аудандарында білім бөлімін басқарып отырған азаматтардың мәселесі. Алғашқысында шәкірттердің ҰБтдан жиған балдары жыл санап төмендесе, соңғысының үстінен тіпті қылмыстық іс қозғалған.

Оңалбай Аяшев, облыстық маслихаттың депутаты:»Неге сіз осыған шара қолданбайсыз? Облыстың білім басқармасы бастығы ретінде? Енді ол әкімді түсінеміз, өзінің тағайындаған адамы осындай қаржы жеп отырғаннан кейін».

Шәріпбек Жамалбек, облыстық маслихаттың депутаты: «Облыста сіздердің есептеріңіз бойынша үш ауысымда оқитын мектептердің саны үшеу деп бергенсіздер. Ал, шын мәнінде біздің мәліметіміз бойынша кәзір жиырма. Неге олай?»

Мәжілісте басқарма басшысы өңірімізде үш ауысымда оқитын білім ошақтарының саны расында да ресми құжаттарда көрсетілгеннен көп екенін мойындады. Ал, аудандық білім бөлімінің басшыларын тағайындап, қызметінен алу өз құзыретіне кірмейтіндігін жеткізді.

Related posts

Пікір қалдыру

Алғашқы болып пікір жазыңыз!

Маған хабар беру:
777
wpDiscuz