Шымкент қаласының әкімі су нысандары құрылысымен танысты

358
мердігерлер жұмыс барысымен таныстыруда
мердігерлер жұмыс барысымен таныстыруда
мердігерлер жұмыс барысымен таныстыруда

Бүгін Шымкент қаласының әкімі Дархан Сатыбалды Шымкент қаласындағы Солтүстік-Батыс суаққысы құрылысының барысымен танысты. Бұл нысанның іске қосылуын 9 бірдей елдімекен күтіп отыр. Алайда құрылыс жүріп жатқан жердің белгілі бір бөлігі жекенің меншігінде болғандықтан құрылыс қарқын ала алмай отыр.

Бұл суаққысынан Асар, Бозарық, Тұран, Достық,Қайнар бұлақ елдімекендеріне ауызсу жеткізіледі. Межеленген жоба бойынша құрылыс қыркүйек айында аяқталуы тиіс. Алайда, жер құжаттарына байланысты құрылыс жұмыстары қарқын ала алмай қалған. Дегенмен, қала басшылығы мұны реттедік деп сендіреді.

Шымкент қаласының әкімі сот шешімімен жер телімінің мемлекетке қайтарылғанын жеткізді. Бүгінде 69 мың тұтынушы тірлішік көзі жеткізілетін күнді асыға күтіп отыр. Мердігер компания нысанды уақытында пайдалануға береміз деп уәде берді. Сала мамандары судың сапалы болуын да қатаң бақылауда.

Бүгінде қатаң бақылау жұмыстары жүріп жатыр. Жаңа жүйе бойынша суға қадағалауды мемлекетті мекемелермен қоса жекеменшік ұйымдар да бақылау жүргізеді. Қала басшылығы Бозарық ауылындағы су өткізгіш жүйелерінің құрылысымен де танысты. Нысаннан 2000-ға жуық тұтынушы ауызсуын ажыратпақ.

[youtube]http://www.youtube.com/watch?v=sfyhvvekA-g[/youtube]