Шымкентте «Домбыра party» жалғасып жатыр

610
Ерғали Ағайдаров

Ерғали Ағайдаров «Домбыра party»-ға алғаш рет қатысып отыр. Жасынан домыбарының үніне, дәстүрлі өнерге ғашық 20 жастағы бозбала бүгінде ұлттық аспапты күмбірлете шертіп замандастарын аузына қаратты. Халық әндерімен қатар, өткен ғасырдағы сал-серілердің де әнін домбыраға салып, әуелете шырқап отыр. Ал Абай саябағының қонақтары халық қазынасына сусындап, кереметтей кештің куәгерлері болғаны үшін мәз-мейрам.

Ерғали Ағайдаров
Ерғали Ағайдаров «домбыра party»-ге алғаш рет қатысып отыр

Ерғали Ағайдаров, студент: «Мен алғаш рет қатысып отырмын бұл шараға. Бәрі көше әндерін жырлап жатыр әр түрлі. Мен осы орайда жаңалық енгізіп мынау, жастықты жырлаймын деп «Қайран жастық» әнін орындадым. Бұл жерде отырғандардың барлығы жастар болғандықтан. Ән орындап жатқан кезде жалпы бүкіл арқаның, қазақтың кең даласы елестеді. Қазақтың кеңдігі, аттың шабысы, бұның бәрі бейнеленеді қазақтың әнінде. Шын жүрекпен әнді орындағаннан кейін, жүрекке барады дейміз ғой. Жүрекпен орындаса бәрі дұрыс болады деп ойлаймын».

Шымкентте «домбыра party»-дың кезекті отырысы IV рет өтті
Шымкентте «домбыра party»-дың кезекті IV отырысы өтті

Шымкентте «домбыра party»-дың кезекті отырысы IV рет өтті. Халықтың қазынасына айналған өнерді қолдап-қуаттаушы топ шаһарға игі бастаманы көрсудеміз дейді. Айта кетейік, «Домбыра party» елімізде өткен жылы Астана қаласынан бастау алған. Ұлттық сазды-аспапты өнерді дамытушы жастар Қазақстанның бар өңірінен табылып отыр. Ал домбыраны дәріптеуші жерлестеріміз кезекті отырысын әр бейсенбіге белгілеген. Олар домбыраның құлағында ойнауды парызымыз деп есептейді. Дұрыс-ақ. Топ осылайша домбыра тарта алмайтындарға «еу», «беу», «шап», «жібер» деп демеу беріп, үйретуден жалықпайтын жастолқыннан құралған.

Садық Шерімбек домбыра тартуға ниет білдірушілердің үйренііп алуға мүмкіндігі мол деп отыр
Садық Шерімбек домбыра тартуға ниет білдірушілердің үйреніп алуға мүмкіндігі мол деп отыр

Садық Шерімбек, ұйымдастырушы: «Интернетке жазылып жатқан «комментарийлерден» көреміз әйтеуір «мынадан кейін домбыра тартпасам болмайды» деп жатыр, көпшілік жастарға серпін беріп жатыр да. Жалпы бір-ақ нәрсе айтуға болады да ұлттық құндылықтарды дамытудағы ең басты жолы деп айтсақ болады». Домбыраның үнін сағынған әрбір қаламыздың тұрғындары мен қонақтары осы жерге келіп, домбыраны тыңдап, өзінің үлесін қосып, өздері болсын ән айтып, әндерге қосылып, көңіл көтеріп, жақсы көңіл күймен қайтуға болады».

Қазақтың құйқылжыған күйлері де «домбыра party»-дың мәнін арттыра түсті. Сәнін кіргізді. Дәстүрлі өнерді дәріптеп, қолына домбырасын қолтықтаған олардың бастамасын қолдаушылар да күн өткен сайын артып отыр.Осылайша айтулы шара арулар мен жігіттер арасындағы күйтартысқа ұласты. Айтпақшы, көпшілік жиналатын орында ұлттық өнердің орындалуына бұл жолы ішкі әскер сарбаздары мен полицей қызметкерлері кедергі болмады .