38 жастағы келіншек терезенің алдында отыр

Таяуда түн ішінде Шымкенттегі үйлердің бірінен шу шықты. Жергілікті тұрғындардың бірі өзіне-өзі қол жұмсамақ болған. Жангельдин көшесіндегі көпқабатты үйлердің бірінің маңына ондаған полиция қызметкері жиналып қалады.

38 жастағы келіншек терезенің алдында отыр
38 жастағы келіншек терезенің алдында отыр

Мұнда азаматтық жұбайымен ұрысып қалған келіншек 3-ші қабаттан төмен қарай секіріп кетпек болыпты. Бұл жайындағы суыт хабар кезекші бөлімге түн ішінде түскен.

«Сағат түнгі 11-ден 50 минут өткенде шұғыл басқару орталығынан хабар түсті, – дейді ОҚО ІІД патрульді полиция полкі взводының командирі Арман Қылдыбеков. – Жангельдин көшесіндегі 22-үйдің 50-пәтеріндегі адамдар көмек сұраған. Дер кезінде келгенімізде әйелі мен азаматтық жұбайы бір-бірімен ұрысып қалғанын анықтады. Соынң салдарынан келіншек «жақындасаңдар, төмен қарай секіріп кетемін» деп қорқытты. Біздің жігіттер тез арада көршілерінен одеял алып, жерде «қауіпсіздік жастықшасын» әзірлеп тұрдық».

Полицейлер төменде төсенішті керіп тұр
Полицейлер төменде төсенішті керіп тұр

Абырой болғанда оқиға сәтті аяқталды. Кішкентай қызының өмірін ойласа керек, келіншек райынан қайтып, терезеден ішке енді. Пәтерге кірген тәртіп сақшылары шу шығарған келіншектің жұбайымен татуласқанына көз жеткізіп, қайтты.

[youtube]http://www.youtube.com/watch?v=-aQcDVK_dCU[/youtube]

Тәртіп сақшылары қолдан келгеннің барлығын жасауда
Тәртіп сақшылары қолдан келгеннің барлығын жасауда