Астана қаласының әскери оркестрі

Әскеи форма кигендер бүгін сапта емес , сахнада. Астана қаласынан келген әскери оркестр өнерпаздары тұщымды туындыларын жерлестеріміздің құрметіне арнап орындады. Шымқалаға алғаш рет келген гастрөлдік топ музыкалық аспаптарда шебер ойнап, халық шығармаларын жаңғырту жолында жұмыс жасап жүр екен. Бұған қоса, өнер иелері жанды дауыста хор орындауды да ұмытқан жоқ. Осылайша көрерменнің ыстық ықыласы мен көңілін бір серпілтіп тастады.

Астана қаласының әскери оркестрі
Астана қаласының әскери оркестрі

Нүркен Орынбасаров, 35-748 әскери бөлімінің сержанты: «Концерт өте тамаша өтіп жатыр. Рухани демалып отырмыз. Мен өзім өнерден хабарым болмаса да риза болып отырмын. Бойымда мұндай талант болмағанымен, менде елімнің ертеңіне өз үлесімді қосуды қалаймын. Мәселен, сержанттан офицерге көтерілгім келеді, майор болғым келеді. Осылайша елімінің қарулы күштеріне өз еңбегімді қоссам деймін».
Концерттік шара өңіріміздегі Шәмші Қалдаяқов атындағы филармония сахнасында өрбіді. Бір қызығы кеш ортасында жарық сөніп қалып, әбігерге салды ұжымды. Бірақ астаналық әскери оркестр өнерпаздары аспай-саспай концерттік бағдарламасын жалғастыра түсті. Жас әнші Қайыржан Бердібаев кідірместен сахнаны халық әндерімен тербеді.

Қайыржан Бердібаев, жас әнші:»Негізі концерт дегенге халық демалу үшін келеді ғой. Сондықтан, біздің мақсатымыз олардың көңілін баурау. Бүгінде жарықтың сөніп қалғанына қарамастан, сахнаға шығып ән орындадым. Негізі жоспар бойынша мүлдем басқа ән орындауым керек еді, бірақ көрермен үшін баршамыз білетін әнді орындадым. Олар да дауыстап қосылды. Осылайша ән әсерлі әрі тамаша орындалып шықты. Енді Шымкентке алғаш келіп тұрсам да, ашық жайдар мінездеріне тәнті болып жатырмын. Ешқайсысы бөліп-жармай жақсы қарсы алды».

Қазақтың ұлттық билері де айтулы кештің сәнін кіргізді. Жастолқынның әсери өмірде өнерді қоса алып жүргеніне біз де тәнті болдық. Бәрінен бұрын, кеш қонақтары бағдарламаны соңына дейін тапжылмай тамашалап отырды. Бұл – жерлестеріміздің халық өнеріне деген құрметі болса керек.