Ұстазынан таяқ жеген оқушы асылып өлді

533
сурет интернеттен алынды
сурет интернеттен алынды
сурет интернеттен алынды

Сайрам ауданына қарасты Көлкент елді мекенінде бастауыш мектебінің мұғалімі осында оқитын қызды елдің көзінше соққыға жығып, аузына келгенін айтып балағаттапты. Ал бұған төзе алмаған 9 сынып оқушысы Барчинай Махмудханова ұстазын кінәләп тілімдей хат қалдырып, артынан өз ауласында асылып қалған. Мұнда ол өз өліміне ауылдасы, әрі ұстазы Гүлнар Османалиеваны жазғыруын өтініпті. Себебі, он күн бұрын ұстаз бен оқушының арасында жанжал болып, бастауыш сыныбының мұғалімі оны тепкінің астына алған. Тіпті араша түскен анасына да қол жұмсаған көрінеді.

«Кедейсің деп айтты мені, ұрып соқты. Мені боқтады. Сансыраған қаншық деп айтты. Ол сөзді мен көтере алмадым. Мені ұрғаны жетпегендей, сені де ұрып соқты. Сенің бетіңе түкірді. Менің бетіме түкіргенге ашынбаймын, сені ұрып жәбірлегенге ашынамын, соған шыдамай мен өзімді өзім өлтіремін деп жазған», – дейді марқұмның әжесі Мухаббат Абдуллаева.

Ауылдықтар кінәләп отырған ұстаз Гүлнәр Османәлиева көрші-қолаңмен де, туыстарыменде сыйыспайтын көрінеді. Мән-жайды мұғалімнің аузынан ести алмадық. Себебі, өзі басқа ауылға тойға кетіп қалыпты. Есесіне қызы марқұмның жақындарының айтқанын жала деп отыр. Өліммен аяқталған бұл мәселеге өзге де ауылдастары араласа бастады. Енді көлкенттік тұрғындар бастауыш мектептің оқытушысын мектептен шығарып, оны заң бойынша соттамайынша ешкім де баласын мектепке жібермейміз деп бекініп отыр.

Қазір, көлкенттіктерді дүрліктіріп тұрған бұл іс ішкі істер өкілдерінің назарына алынды. Тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Осы жәйтте қылмыстың құрамы болса, дәлелденсе онда бұл жәйтке байланысты ҚР Қылмыстық Кодексінің 102 бабына байланысты өз-өзіне қол жұмсауға мәжбүрлеу бойынша іс қозғалуы мүмкін.

[youtube]http://www.youtube.com/watch?v=n3bDWjRAT50[/youtube]