Облыс басшысы Шымкенттің шағынаудандарын аралады

256
Асқар Мырзахметов ақтастықтармен кездесті

Ақтастық ағайындардың арманы орындалатын болды. Бүгін қаладағы күрмеуі көп мәселелерді өзі бақылауға шықан облыс әкімі жергілікті халықпен кездесіп, жақсы жаңалығын жеткізді. Қазан айына дейін мұнда су, жарық жеткізіліп және жол салынады. 

Асқар Мырзахметов ақтастықтармен кездесті
Асқар Мырзахметов ақтастықтармен кездесті

Өзбекстаннан көшіп келген бұл ағайындарға 2007 жылы 2 мың гектар жер телімі үлестірілген. Содан бері 60 отбасы баспана тұрғызып үлгеріпті. Бірақ бірде бірінің жарығы ,суы және жүріп тұрар жолы болмаған. Осыған ашынған оралман отбасының ақсақалдары жергілікті әкімдерден көмек сұрап келген еді. Олардың жыл сайынғы мәселесі суды тасып ішу болатын. 

Көпшіліктің өтініш тілектерін егже-тегжей талдаған облыс басшысы сала мамандарымен кеңесе отырып, қазан айына дейін әр үйге баратын тас жол төсеп жарық жүргізуге 161 млн. теңге бөлгізді. Су Бадам-Сайрам суаққысының құрылысы аяқталысымен қосылатын болды .

Өз өтініштері осылайша тез арада орындалады деп ойламаса керек ауыл ақсақалдары облыс әкіміне батасын беріп, қуанып қалды.