Тексеру барысында 807 шетелдіктер анықталып,34 Республикамыздан шығарылды.

Қазақстанда еңбек мигранттарының саны жылдан жылға артып отыр. Статистика мәліметтері осылай дейді. Қазірдің өзінде олардың үлесі үш жүз мыңнан бір миллион адамға артты деген болжам бар. Келімсектердің басым бөлігі – Оңтүстік Қазақстан облысына жұмыс іздеп сандалғандар.

Тексеру барысында 807 шетелдіктер анықталып,34 Республикамыздан шығарылды.
Тексеру барысында 807 шетелдік анықталып,34-і ел аумағынан шығарылды

Полицейлердің айтуынша, Өзбекстаннан келген еңбек мигрантарының көбісі қазір Шымкенттегі құрылыста жұмыс істейді. Олар көбіне жеке үй салады. Сондай-ақ, саңырау құлақтай қаптаған тамақтану орындарында да көп кездестіресіз.

[youtube]http://www.youtube.com/watch?v=hOjLIleM-68[/youtube]

Тағы бір анықталған жайт – шетел азаматтары облыс орталығына Сарыағаш қаласынан жиі келеді. Өйткені, бұл аймақта құрылыс жұмыстары көп. Сондықтан қазір аудан көші-қон полиция қызметерлерінің қатаң бақылауында.