Әлем чемпионы Біржан Жақыпов үлкен спортпен қоштаспайды

233
Боксшыларымыз енді Олимпиада ойындарына жолдама үшін таласқа дайындалатын болады

Бұл жолғы бокстан әлем чемпионаты Қазақ спортының тарихында өшпестей із қалдырды. Ал осыған дейін Олимпиадалық спорт түрлерінен қоржынға алтын медаль сала алмай келген Оңтүстік үшін Біржан Жақыповтың жеңісі — бір төбе. Жерлесіміз финалда Алжир боксшысы Мохаммед Флиссиді жеңіп, Әлем чемпионы атанды. Бұған дейін олимпиадаға қатысқан Біржанның өзі 30 жасқа толған шағында ғана Әлем чемпионы атағына ие болып отыр.

Әлем чемпиондарын жерлестері құшағына басты
Әлем чемпиондарын жерлестері құшағына басты

Оңтүстік жұртшылығының қуанышында шек жоқ. Жиналғандардың бәрі чемпионды құшағына басуға асық. Байрақты додаға Шымкенттен жол тартқан екі былғары қолғап шеберінің екеуі де жүлдемен оралып отыр. Біржан Жақыпов алтыннан алқа тақса, Қайрат Ералиев үшінші орыннан көрінді.

Боксшыларымыз енді Олимпиада ойындарына жолдама үшін таласқа дайындалатын болады
Боксшыларымыз енді Олимпиада ойындарына жолдама үшін таласқа дайындалады

Бокстан Әлем чемпионаты тұңғыш рет Алматыда өтті. Жарысқа 111 елден 457 боксшы қатысқан. Іріктеу кезеңі 10 күнге созылып, жартылай финалға Қазақстанның сегіз былғары қолғап шебері жолдама алды. Оның алтауы ақтық сынға шықты. Олимпиада ойындарының жүлдегерлері Иван Дычко мен Әділбек Ниязымбетов алтыннан алқа тағар деген үміт бар еді. Алайда, Әділбек ұпай санынан жеңілсе, Иван нокаут алып, екеуі де күміс медальді қанжығаларына байлады.

Біржан мен Қанатты қарсы алуға өнер майталмандары да арнайы келіпті
Біржан мен Қанатты қарсы алуға өнер майталмандары да арнайы келіпті

Ұлттық құраманың бас бапкері Мырзағали Айтжанов та үйіне, Шымкентке оралды. Ендігі мақсат — осы қарқынмен Бразилиядағы Олимпиада ойындарына жолдама алу. Өйткені, осы жеңіс шыңынан түспей, келесі белесті бағындыру қажеттігін жерлестеріміз жақсы түсінеді.