Әйелдер әділдікке қол жеткізіп үйренді

255
дөңгелек үстел барысы

Финландия мемлекетінің Қазақстандағы сыртқы істер министрлігіне қарасты «Еуразия» қоры қаржыландырған «Әлеуметтік осал топтардың әділдікке қол жеткізуі» жобасы қорытындыланды.

дөңгелек үстел барысы
дөңгелек үстел барысы

Атқарылған жұмыстар дөңгелек үстел барысында талқыланды. Бұл жоба аясында «Сана-сезім» қоғамдық бірлестігі Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл және Қызылорда облыстарында семинар-тренингтер ұйымдастырған. Білікті 12 заңгер заңдық сауат ашу қызметін көрсетіп, жүз мыңға жуық адамға кеңес берілген.

2011 жылдың 1-қарашасынан бастап әділдік жолында күресе білуге үйреткен жоба отбасындағы нәзік жандылар мен мүмкіндігі шектеулі балаларға сүйеніш бола білген. Еуразиялық қор тікелей демеушілік жасаған жобаны ендігі жерде жергілікті бюджеттен қолдау тауып, жалғасуы керек дейді жиналғандар.

Джефф Эрлих, «Еуразия» қорының өкілі: «Қазақстанның әлемдік аренада өз орны бар. Аяғынан тұрды. Бай елге айналды. Енді осындай жобаларды өздері қаржыландыра алады. Оған қауқары жетеді.»