Кішкентай киножұлдыздар

Қазақ балалар киносы тарихында тұңғыш рет түсірілген анимациялық қоспасы бар «Томпақ» телехикаясы кішкентай көрермендердің жүрегін жаулап үлгерді

Қазақ балалар киносы тарихында тұңғыш рет түсірілген анимациялық қоспасы бар «Томпақ» телехикаясы кішкентай көрермендердің жүрегін жаулап үлгерді. Мұндағы басты рөлдерді сомдаған шымкенттік балғындар жайлы кеңірек білгісі келетін оқырман көп.

Қазақ балалар киносы тарихында тұңғыш рет түсірілген анимациялық қоспасы бар «Томпақ» телехикаясы кішкентай көрермендердің жүрегін жаулап үлгерді

Сонымен таныс болыңыздар: «Томпақтағы» бас кейіпкерлердің бірі Тасболаттың рөлін сомдау – Шымкенттегі Ы. Алтынсарин атындағы №65 мектеп-гимназияның 8-сынып оқушысы Арман Қасымбековке бұйырыпты. Ал телехикаяда «Есеп білмейтін Есет» атанып кеткен кейіпкер – №80 жалпы орта мектебінің 6-сынып оқушысы Олжас Омаров. Ал «желаяқ» атанған Берік рөлінде – №68 мектептің 4-сынып оқушысы Рауан Ахмедов. «Томпақтағы» тәкаппар, пысық қыз Жасминнің рөлінде – №28 мектеп-гимназиясының 4-сынып оқушысы Жасмин Дәуренбекова.

Балалардың киноға түсу армандары тек арман күйінде қалып қоймай, кішкентай «жұлдыздарға» айналуында «Томпақтың» рөлі зор

Балалардың киноға түсу армандары тек арман күйінде қалып қоймай, кішкентай «жұлдыздарға» айналуында «Томпақтың» рөлі зор. Әрқайсысы киноға әрқалай келген. Мәселен, «есеп білмейтін Есет» рөліне Олжас ойда жоқта бекітіліпті. «Әпкелеріммен бірге дүкенге барғам. Сонда кино түсіретін ағалар көріп қалып, менен «Киноға түскің келе ме?» деп сұрады. Мен «білмеймін» деп жауап бердім. Ағалар бір жапырақ қағазға мекенжайларын жазып берді. Сенбі күні ата-анасыз, өзім киноға түсуге бардым. Содан Есетке айналып шыға келдім»,-дейді Олжастың өзі. Ашық-жарқын, адамдармен тез тіл тапқыш Олжасты қатар құрбылары, көрші достары, сыныптастары, тіпті бүкіл мектебі мақтан тұтады. «Ұстаздарым мақтан етіп, тіпті мектепте кездесулер өткізді менімен. Достарым болса, бөгдепланеталық Томпақтың суреті бар төсбелгі (значок) әкеп берші деп сұрайды», – дейді 8 жасар балақай. «Телехикаяның алғашқы бөлімдерінде «Томпаққа» түн ішінде жалғыз өзі барып, өзін есептен жүйрік етіп беруді сұрануды құп көрген Есет оңбай құлайтын жері бар ғой… Міне сол тұста, «бір жерің ауырып қалмады ма?…» дегендей сұрақтарды киноны көргендер көп қояды», – дейді Олжас.

Ал, Арман болса киноға кездейсоқ келген жоқ. Ол өнерге жақын бала. Хорда ән айтады. Киногерлердің көзіне осылай түсіпті. Сөйтіп, бас кейіпкер Тасболаттың рөлі бұйырған.

Негізі «Томпақты» түсірерден бұрын кастинг жарияланып, жүзден астам бала бағын сынап көрген. Басты рөлге осы кастинг арқылы келген жалғыз бала – ол Берікті ойнап шыққан Рауан Ахмедов. «Жарнаманы көріп, кастингке келдім. Маған қойылған алғашқы сұрақ: «Сен құлағыңды қимылдата аласың ба?» деді. Мен құлақ қимылдатқанда алдыма жан салмайтын әдетім бар. Бұл маған қиын болған жоқ. Міне, құлағымды оңды-солды қимылдаттым. Сөйтіп маған «онда сен Томпақпен бірге құлағыңды дәл осылай қимылдатасың» деді. Қуанышым қойныма сыймады. Енді менде жаңа арман, жаңа мақсат пайда болды. Өскенде үлкееен азамат болып, үлкеееен актер болғым келеді»-деп ағынан жарылды Берік.

Талантты танып, бағасын беру- талғамы биік, талабы күшті халықтың құзырында. «Томпақ» жаққан жұлдыздардың өнердегі жолына ақ жол тіледік

«Жазғы демалыс ерекше есте қаларлықтай өтті. «Томпақты» түсіру барысында Қасқасу, Қазығұрт, Ақсу – Жабағылының табиғатына тәнті болып, Шардараның суына әбден шомылдық. Түркістан мен Отырарда да болдық. Қазығұрттың басына бір емес, екі рет шықтық. Әсері тамаша», – деп мәз болыс-ты киноға түскен жұлдыз-дар. Телехи-каяның түсіру тобы балаларды туған жердің табиғатына тәнті боп, төл тарихымызды танытуға тырысқан. Мәселен, кинода өткен ғасырларға тап болған Тасболат Тимучинмен кездесіп қалады да, текетіреседі. «Басқа қала құрып қалғандай, ей, Отырарда нең бар?!» деп Тасболат Тимучинге дүрсе қоя береді.

Тасболат рөліндегі Арман: «Томпақ» телехикаясын түсіру барысында тарихи тұлғаларды танып, оқиғаларға қанық бола түстік. Мәселен, жоғары сыныпта оқитын баламен ерегесіп, кейіннен жеңіліп қалған менің Қажымұқан атаға еліктеп спортпен айналысып, алдыма мақсат қоятын жерім бар. Қажымұқанға ұқсап бағып, шынығып, шыңдалып ақыры ана ересек баланы алып ұрам…».

Кинодағы тарих пәні мұғалімінің рөлін сомдаған сазгер Нұрлан Еспанов «Отырар қырғыны» жайында баяндап береді. «Отырар» кітапханасының сол зұлматта жойылып кеткенін айтып береді балаларға. Қызығушылығы артқан үш дос әлі күнге дейін табылмаған Отырар кітапханасын іздеуге шығады.

Сонымен таныс болыңыздар: «Томпақтағы» бас кейіпкерлердің бірі Тасболаттың рөлін сомдау – Шымкенттегі Ы. Алтынсарин атындағы №65 мектеп-гимназияның 8-сынып оқушысы Арман Қасымбековке бұйырыпты

Осылайша «Томпақты» көріп отырып, балалар тарихтан там-тұмдап болса да хабардар болып, туған жердің тамаша табиғатына қанығады. Спортты, туризмді дәріптеу бар бұл фильмде. «Томпақ» телехикаясына түскісі келіп кастингтен 70-тен астам бала таңдалынып алынған. «Барлық ата-ана өз баласын талантты деп таниды. Талантты емес бала жоқ. Бірақ «неге менің балам басты рөлде ойнамады?» деп өкпелегендер де көп болыпты. Ал телехикаядағы балалар дайын киноактер десек те болады. Әбден ысылып, үйреніп қалды»-дейді режиссер Батырхан Дәуренбеков. Оңтүстікте түсіріліп жатқан фильмдердің дені сапасыз деген ұғымның тас-талқанын шығаруға ұмтылған туынды енді көзі қарақты қалың көрерменнің назарына ұсынылды. Талантты танып, бағасын беру- талғамы биік, талабы күшті халықтың құзырында. «Томпақ» жаққан жұлдыздардың өнердегі жолына ақ жол тіледік.

Жанар Есенбекова