Оңтүстіктің қаржыгерлері марапатталды

233
Төл теңгеге 20 жыл

Төл теңгеміздің 20 жылдық мерекесі аясында өлкеміздің қаржыгерлері құрметке бөленді. Облыстық Шәмші Қалдаяқов атындағы филармонияда облыс әкімі атынан қала, аудандардың қаржы саласында еңбек етіп, оның жұмысының дамуында үлес қосып жүрген қаржыгерлер мен зейнеткерлері алғыс хаттармен, арнайы төс белгілерімен марапатталды.

Солардың бірі – зейнеткер Мәдәния Рахымбаева теңгені облыс аумағына әкеліп, үйлестіруде атсалысқан жандардың бірі. Бүкіл өмірін қаржы саласына арнаған ол қызметін кассирліктен бастап, 1967 жылдан облыстық қаржы басқармасында қызмет еткен. Теңге қолданысқа енгенде облыс бюджеті бар болғаны 380 миллион теңгені құрапты. Ал биылғы 310 миллиарды естіген зейнеткер ол кезде мұндай сомманы елестетудің өзі қиын дейді.

 Мәдәния Рахымбаева: «Біздің кезімізде облыс бюджеті 33 миллион теңге болса, қазір миллиардтап саналады. Мен бюджеттің бұлай өскеніне таң қалып отырмын әрі қуанамын. Сол сияқты қаламыз да өсіп келеді, өзгеріп келеді.»

Төл теңгеге 20 жыл
Төл теңгеге – 20 жыл