СПИД-тен сақ болайық

Қазір елімізде ғасыр індетіне айналған ВИЧ-ке шалдыққан адамдардың саны өскен. Ресми деректерге сүйенсек, Қазақстанда 4 жарым мыңнан астам адам аты жаман ауруға душар болғандардың тізімінде тұр. Ал облыста 10 айдың көрсеткіші бойынша 300 мың тұрғын ВИЧ-ке қатысты тест тапсырып, олардың ішінде 152-інде ауру індеті бар екені анықталған.

Әйгерім мен Қуаныш осыдан 4 ай бұрын танысқан. Сөздері жарасқан жастар бері келе отау құруды ұйғарыпты. Бір болуға ант бермес бұрын екі жас дәрігердің қабылдауында болды. Яғни, үйленбес бұрын болашақ ерлі- зайыптылар  тексеруден өткенді дұрыс санайды.

 Қуаныш Оразбаевтар: «Менің өзімнің ойым – қазіргі жастар отау құрмас бұрын тест тапсыру керек. Өзім солай жасадым, жұбайыма да түсіндіріп айттым. Экология бұзылып, түрлі вирустар тараған мынадай заманда осындай шешім дұрыс деп ойлаймын.»

Қауіпті жағдайдың бірі – аурудың жай халық арасында тарап бара жатқаны. Егер 90-жылдары бұл дерт көбінесе нашақорлардың арасында тараса, аты жаман ауру қазір тұрғылықты халық арасында да етек жайып барады. Дәрігерлердің айтуынша, ВИЧ тің қазіргі жұғу жолдарының ең негізгісі – жыныстық қатынас болып отыр. Анық болғандай, көбіне ауруды 15 пен 49 жастағы адамдар жұқтырады екен.

[youtube]http://www.youtube.com/watch?v=-_P4_JfBMcc[/youtube]

Қожахмет Маширов, Облыстық СПИД-тің алдын-алу және онымен күресу орталығының бас дәрігердің орынбасары: «Биыл бізге тіркелген 152 адамның 70 пайызы – жастар. Олар ауруды түрлі жолмен жұқтырғандар. Өз денсаулығын қадағалайтын адамдар үшін қазір барлық жағдай жасалған. Бір күн бұрын қан тапсырса, келесі күні нәтижесін білуге болады. Және ол тегін жүргізіледі.»

Ағзадағы иммун тапшылығы ауруы нәрестелі ананың да дүниеге ұрпақ әкелуі үшін қатерлі дейді дәрігерлер. Ал қарапайым халық үшін ең алдымен осындай қауіпті індеттің бар екенін және оның таралу жолдарын ұмытпау аса маңызды.