Студенттер Елбасының курстастарымен естелік суретке түсті

Біз де жас болғанбыз, біз де ғашық болғанбыз. Бүгін ОҚМУ-дің студенттерімен кездесуге келген Елбасының курстастары осылай деп ағынан жарылды.

 

Студенттер Елбасының курстастарымен естелік суретке түсті
Студенттер Елбасының курстастарымен естелік суретке түсті

1958 жылы арман қуып, студент атанған олар Нұрсұлтан Назарбаевпен Украинада бірге оқып, бір жатақханада жатып, бір үзім нанды бөліп жеген үзеңгілестері  Қайрат Исламқұлов, Марат Қыстаубаев, Тельман Спаев жастық шаққа саяхат жасады. Студенттердің сұрақтарына жауап берді.

Елін сүйген елбасымен өткен жарқын шақтарын еске алды. Бұл ретте студенттер де көкейде жүрген көп сұрағын Елбасының курстас жолдастарына жолдап, әдемі сұхбат жүргізді. Мұндай тамаша кездесуді «Нұр Отан» халық партиясының облыстық филиалы ұйымдастырып отыр. 

[youtube]https://www.youtube.com/watch?v=Hxvsc_DPpPs[/youtube]

Қайрат Исламқұлов, Елбасының курстасы: «Арамызда болашақ Президентің оқып жүргенін ешкім білгенде жоқ, сезгенде жоқ. Нұрсұлтан көшбасшы болатын. Ол да адам баласы ғой, ән айтады, би де билейді. Рас, қыздармен де жүрдік. Бірақ барлығымыз қазақ қыздарына үйленіп, отбасылы болдық. «Мен жастарға сенемін» деп отыратындай бар, қазір сендерге барлық жағдай жасалған. Сол үшін барлық мүмкіндікті пайдаланып, оқыңдар».