Úı Jańalyqtar Жас құтқарушы төтеншеліктердің төс белгісімен марапатталды

Жас құтқарушы төтеншеліктердің төс белгісімен марапатталды

Жас құтқарушы төтенше жағдайлар министрлігінің төс белгімімен марапатталды

9-сынып оқушысы Шымырбаба Полатов ерен ерлік жасады. Ол жеке тұрғын үйдің септигіне түсіп кеткен бір жарым жасар баланы өлім аузынан аман алып қалды.

Шілде айында тереңдігі 5 метрлік септикке бір жарым жасар Дінмұхаммет ойнап жүріп құлап кетеді. Оны көрген көршісі Шымырбабаның ойын баласын құтқаруын өтінеді. Сөзсіз келіскен Шымырбабаның аяғынан көрші Ораз ұстайды да, ал жас батыр басымен септіктің ішіне енеді.

Шымырбаба Полатов, жас құтқарушы:» Септік аса толмаған екен. Бірінші іздегенімде Дінмұхаммедті таппадым. Екінші рет іздегенімде оның суға тұншығып жатқанын көрдім. Қолымды барынша созып, тартып алдым».

Жас құтқарушы төтенше жағдайлар министрлігінің тө белгімімен марапатталды
Жас құтқарушы төтенше жағдайлар министрлігінің төс белгімімен марапатталды

Д. Қонаевтың туылған күнінде дүниге келіп, қоғам қайраткері Димаш ағаның атын иемденген Дінмұхаммед осылайша аман қалады. Жас құтқарушының арқасында  сәбидің ата-анасының Шымырбабаға деген алғыстары шексіз.

Әлпеш Ақбаева, Дінмұхаммедтің апасы: «Димаш үш қыздан кейінгі, былай айтқанда Алладан сұрап алған баламыз. Құдай сақтап, осындай оқиғадан кейін аман қалды. Тездетіп жедел-жәрдем шақырдық, баланы толық тексеруден өткізді. 1 апта дәрігерлер бақылауында болдық. Себебі, лас су болғандықтан инфекция түсуі мүмкін деп айтты. Қазір жағдайы жақсы».

Нәрестені ажал аузынан аман алып қалған екі азаматты төтеншеліктер марапаттау үшін министрлікке ұсыныс берген. Өзгенің өмірін сақтап қалу үшін батылдыққа барғандардың еңбегі елеусіз қалмапты.

[youtube]https://www.youtube.com/watch?v=SQHElNKUkaQ[/youtube]

Дарынбек Байсариев Төтенше жағдайлар департаменті бастығының орынбасары: «Төтенше жағдайлар орын алған жерде бірінші көріп қалып, жасаған ерліктері болады. Ол ешқашан ескерусіз қалмайды біздің тарапымыздан».

Бүгін жас батыр Шымырбаба Полатовқа сыныптастары алдында Төтенше жағдайлар министірлігі бекіткен төс белгі табысталды. Ал ерлік көрсеткен екінші азамат тәуелсіздік мерекесі қарсаңында марапатталатын болады.

Exit mobile version