Қызылордалық қонақ Баян Сыздықов құрметті лентаны қиды

Шымкенттегі «Жайлау» шағынауданындағы тағы бір көшеге ат берілді. Көше бұдан былай Мырзахмет Махамбетұлының атымен аталады. Осы көшені Ұлы Отан соғысы ардагерінің құрметіне атауды облыстық мәслихаттың депутаттары осыдан 10 жыл бұрын шешкен. Бірақ, көшеге коммуналдық қызметтерді жеткізу мәселесі біраз уақытқа созылыпты. Жақында жолға асфальт төсеткен ардагердің ұл-қыздары қазіргі уақытта тұрғындар үшін газ, жарық, ауызсу да жеткізген.

[youtube]http://www.youtube.com/watch?v=hgfckfbQwPg[/youtube]

Айтулы шарада қызыл таспаны кесу құрметі қызылордалық қонақ Баянбай Сыздықовқа бұйырды. Елді қорғаған ардагердің перзенттері көше қарияларына сый-сыяпат жасады. Тіпті, тазалықты сақтаған ағайынға тұрмыстық техникаларды да тарту етті.

Қызылордалық қонақ Баян Сыздықов құрметті лентаны қиды
Қызылордалық қонақ Баян Сыздықовтың лентаны қию сәті
Махамбет Мырхазметұлы көшесі
Махамбет Мырхазметұлы көшесі
Мекенжай тақташалары да ілінген
Көшедегі үйлерге мекенжай тақташалары да ілінген
Салтанатты шараға шағынауданның тұрғындары жиналды
Салтанатты шараға шағынауданның барша тұрғыны мен көршілер жиналды
Ардагердің ұл-қыздары көшенің қарт тұрғындарына кілем сыйға тартты
Ардагердің ұл-қыздары көшенің қарт тұрғындарына сый-сияпат жасады
Көпке үлгі болып, тазалықты сақтаған тұрғындарға тұрмыстық техникалар берілді
Көпке үлгі болып, тазалықты сақтаған тұрғындарға тұрмыстық техникалар берілді

Теледидарға қол жеткізген ағайын мәз-мейрам