2013 жылдың қорытындысы бойынша ВТБ Банкінің (Қазақстан) бөлшек сауда несие портфелі 30 %-ға артты

302

ВТБ Банк (Казахстан) 2013 жылғы қорытындысы бойынша Банк ВТБ (Қазақстан) бөлшек сауда кредит портфелі өткен жылмен салыстырғанда өсуді 30 % көрсетіп, 25,8 млрд. теңгеден аса құрады.

Кредит карталарын есепке алмай тұрғындарға берілетін кредит көлемі 16,8 млрд.теңгеден аса құрады. Есеп беру кезеңде банктің клиенттері кепілзатсыз кредитті, кепілдік тұтынушылық кредитті және кредит карталарын барынша пайдаланып, танымал болды. Бұл бағыттағы кредит беру портфелдің 74 % үлесін құрайды. Жалпы, 2011 жылдан бастап жеке тұлғаларға – Банк клиенттеріне 20 621 кредит берілді.

2013 жылдың қорытындысы бойынша жеке тұлғаларға кредит беру бойынша Банктің Бас кеңсесі және Шымкент, Орал, Павлодар және Талдықорған қалаларындағы филиалдар өздерінің ең үздік көрсеткіштерін көрсетті.

Банк ВТБ  қазақстандықтарға әртүрлі мерзімдермен, сомалармен және мақсаттық бағыттарымен кредит өнімдерінің түрлі таңдауларын ұсынады.

2014 жылы Банк тұрғындарға кредит беру көлемін көбейтуді жоспарлап отыр.

Анықтама:

Банк ВТБ (Қазақстан) АҚ ЕҰ – бұл ірі ресейлік Банк ВТБ ААҚ 100 % еншілес банкісі

ҚР ҚБА 22.05.2009 жылғы № 1.1.259 лицензиясы.

Банкке  Standard & Poor’s агенттігінен «BBB-» деңгейдегі «Тұрақты» болжам халықаралық рейтингі ұсынылды, бұл оның оң және тұрақты қаржылық  жағдайын куәландырады.

Банк ВТБ және оның еншілес компаниялары ресей және шетел нарығында өз қызметін жүргізетін халықаралық қаржы тобын ұйымдастырады.

Банк ВТБ (Қазақстан) филиал желілері 17 қалада орналасқан, және 24 сату орындары бар. Банк ВТБ және оның еншілес компаниялары ресей және шетел нарығында өз қызметін жүргізетін халықаралық қаржы тобын ұйымдастырады.

ВТБ Тобы – бұл 20 ТМД, Еуропа, Азия және Африка елдерінде 30 астам банк және қаржылық компаниялары бар. ВТБ негізгі акционері – Ресей Федерациясының Үкіметі (60,9 %).