Оқыс оқиға 

Қарулы қарақшы қолға түсті (видео)

Шымкенттің тәртіп сақшылары қарулы қарақшылық әрекетін әшкереледі. Бұл қылмыс кешкі сағат 7-лер шамасында орын алған. 27 жастағы жігіт қару кезеніп, кафеден шыққандарды тонамақ болыпты. Алайда, арам ойы жүзеге аспады. Сезіктіні тәртіп сақшылары бейне-бақылау камераларының көмегімен қолға түсірді.

Шұғыл түсірілім
Шұғыл түсірілім

Кешкі сағат 7-ден асқанда бір азаматша 102 пультіне хабарласып, көмек сұраған. Жәбірленушінің айтуынша, қару ұстаған жігіт 12 мың теңгесін тартып алып, қашып кеткен. Арада жарты сағат өткенде Тәуке хан даңғылының бойындағы кафеден шыққан тағы бір адамға шабуыл жасалады. Дабыл бойынша жедел қимылдаған ішкі істер департаменті жол-патрульдік полициясына қарасты 6-ротаның полицейлері қашып бара жатқан күдіктіні ұстап алды. Қолында қаруы бар.

Тәртіп сақшылары оқиға орнында сұрау салу арқылы бұл күдіктінің тағы бір қылмыс жасағанын анықтады. Ол кафеден шыққан жас баланы қорқытып, оның да ақшасын тартып алыпты. Ұлы хабарласып, оқиға орнына келген әкесі дереу көшеден өтіп бара жатқан экипаждан көмек сұраған. Нәтижесінде жедел басқару орталығымен байланысқан полиция қызметкерлері қараңғы көшеде қашып бара жатқан жерінен сезіктін ұстап алды.

Нұрғали Тастеміров, ОҚО ІІД ЖПП 6-рота командирі: «Бұл ұсталған азаматтың Тәуке хан даңғылының бойында тағы бір қылмыс жасағаны анықталды. Қазір жәбірленушілер келіп, күдіктіні танып отыр. Бұл сезікті де өзінің жасағанын мойындады.»

Алдын ала болжамға сәйкес, сезіктінің қолындағы қару — қолдан жасалған тапанша. Қазір қару баллистикалық сараптамаға жіберілді. Ал сезіктіні жол-патрульдік полицейлері жергілікті полиция бөліміне алып кетті. Енді оның өзге де қылмыстарға қатысы тексерілу үстінде.

Related posts

Пікір қалдыру

Алғашқы болып пікір жазыңыз!

Маған хабар беру:
777
wpDiscuz