Оқыс оқиға 

Қарызын сұраған адамды атып тастады (видео)

Шымкентте жаға ұстатар жағдай орын алды. Түнгі сағат 10-нан асқанда полицияның кезекші бөліміне 102 нөмірі бойынша Диваев көшесінің тұрғыны хабарласқан. Оның айтуынша, көшеден тапаншаның атылған даусын естіпті. Оқиға орнына жол-патрульдік полициясының жақын маңдағы кезекші экипажы мен жедел жәрдем дәрігерлері шұғыл аттанады.

Сабырхан Жұбатов, ОҚО ІІД жол-полициясының инспекторы: “№ 808 экипажға жедел басқару орталығынан дабыл түсті. Диваев көшесінің бойында атыс болып жатыр деген хабар түсіпті. Оқиға орнына келіп, анықтау жұмыстарын жүргізгенімізде екі азаматты бір азаматтың атқаны анықталды. Қазір жарақат алған жігітке көмек көрсетіліп жатыр. “

Жарақат алған жігіттің айтуынша, оқ атқан адам танысы екен. Бұған қарыз көрінеді. Сол борышын сұрауға жолдасы екеуі келгенде қарыз жігіт қару кезеніпті. Тіпті, келісімге келместен бірнеше рет оқ атты дейді. Сол бытыралар аяғына тиіп, бірнеше жерінен жарақаттаған.

Жәбірленушінің аяғының бірнеше жерінен оқ тиген
Жәбірленушінің аяғының бірнеше жерінен оқ тиген

Оқиға орнына Әл Фабари полиция бөлімінің шұғыл-тергеу тобы келіп жетті. Криминалистер мен тергеушілер оқ атқыштың үйіне кіреді. Алайда ол көлігіне мініп, кетіп қалыпты. Қазір оған іздеу жарияланған. Ал оқиғаның қалай болғанын тергеушілер анықтап жатыр.

 

Related posts

Пікір қалдыру

Алғашқы болып пікір жазыңыз!

Маған хабар беру:
777
wpDiscuz