Жаңалықтар 

80 орынға шақталған

Өткен аптада Арыс қаласында 80 орындық жаңа балабақша ашылды. Нысан құрылысына жергілікті бюджеттен 52 млн 167 мың теңге бөлінген. Жекеменшікте болған бұрынғы балабақша ғимараты коммуналдық меншікке алынып, күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілген. Мұнда сәбилердiң тынығып, жаттығуына жан-жақты жағдай жасалған. «Елбасының «Қазақстандық жол-2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты Жолдауында білім беру мәселесіне көп көңіл бөлінгені белгілі. Сондай-ақ балаларды мектепке дейінгі білім беру мекемесімен қамту туралы да мәселе көтерілген. «Пайдалануға берілген жаңа балабақша өңірдегі аталған мәселені оңтайлы шешуге септігін тигізеді деп ойлаймын», – дейді қала әкімі Сейіт Ертай. Алдағы уақытта Арыс қаласында «Балапан»…

Read More
Жаңалықтар 

Түркістандық кәсіпкер ағаш өңдесе, Кентаудағы қоян өсіреді

Өткен айда ОҚО Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығы бірқатар БАҚ өкілдерінің басын құрап, көрші жатқан қос қалаға сапар ұйымдастырды. Бірі Түркі әлемінің астанасы атанып, екіншісі моноқалалар санатына енген Түркістан мен Кентауға барудағы мақсат – мұндағы кәсіпкерлердің жай-күйін білу. Қазір Қазақстанның жер-жерінде «Жұмыспен қамту-2020» бағдарламасы аясында шағын және орта кәсіпті дамытуға мемлекет тарапынан көмек беріліп жатыр. Жұртшылықтың мемлекет қолдауына қарап отырмай, өз кәсібін ашып, өзіне ғана емес, өзгеге де жұмыс тауып беруі – ел экономикасының дамуы үшін басты кілттердің бірі екенін түсінген билік: халықтың іскерлік сауатын ашуға кірісті. Соның нәтижесі қалай болып…

Read More
Жаңалықтар 

«Бізде ҰБТ-дан бас тартатын оқушы болмайды»

– Қатира Қырғызбай-қызы, республикаға танымал оқу ордасын басқарып келесіз. Жетістікке жету сырымен бөліссеңіз… – Мектептегі білімді зияткерлік мектептеріндегідей дәрежеге жеткізуіміз керек. Осы мақсатта біз былтырдан бастап базалық мектеп дәрежесіне ие болдық. Биыл сол дәрежемізді қорғап шығып, сертификатымызды алдық. Білім сапасын арттырып, жаңа әдістерді оқыту процесіне енгізу – мұғалімдердің біліктілігін арттыруды да талап етеді. Осы мәселеге де жіті көңіл бөліп, ұстаздарымыздың жан-жақты шыңдалып, өз білімдері мен тәжірибесін арттыруға мүмкіндік жасап отырмыз.  Сондай-ақ, жыл басынан бері пәндік олимпиада, ғылыми конференцияларға қатысып, түрлі байқау, фестивальдерден жүлделі орын алып келген оқушыларымыз өте көп. Атап…

Read More
Жаңалықтар 

Студенттер жатақханада неге тұрғысы келмейді?

Өңірімізде бетке тұтар оқу ордаларының бірі – Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік университетінде 12 500 студент білім алады. Олардың тек 1 500-ы ғана жатақханамен қамтылған. Десе де жоғары оқу орнының жауаптылары жатақхана тапшылығы жоқ деп сендіруде. Өйткені оларда оқитын студенттердің басым бөлігі яғни 70% -ы шымкенттіктер екен. Өз үйінде және туысының үйінде тұратындары тағы бар. Сондықтан болар, жатақханаға сұраныс жоқ, есесіне бос орындар көп екен.  Жатақханада үш жылдан бері тұратын Эльмира Тағай жоғары оқу орнына тиесілі №3 жатақхананың тұрғыны. Үш жылдан бері осы бөлмеде тұратын ол жатақхананың екінші үйіне айналғанын айтады.Дегенмен жатақханаға…

Read More
Жаңалықтар 

Өтпелі кезең

Адам баласы дүниеге келіп, ақыл есі толыса бастаған шақта өтпелі кезеңді (переходной возраст) бастан кешіретіні бар. Ол жастан бәріміз де өттік. Дегенмен кейбір жасөспірімдер өтпелі жастан ойдағыдай өтсе, енді біреулері қиналады. Бұл жаста бұған дейін жақсы тәртібімен көзге түсіп жүрген оқушы бұзықтық жасап, дөрек мінез көрсетсе, кейде, тіпті, ашуланшақ болып кетеді. Психологтар ата-ана өтпелі жастың 3 кезеңнен тұратындығын және әр кезеңде бала түрліше қажеттіліктерді талап ететіндігін білуі тиіс дейді. Бірінші кезең 10-11 жас аралығын қамтиды: – бұл кезеңде бала өзін тұлға ретінде қабылдап, айтқандарына құлақ асқанын қалайды. Барлық жұмыстарын өзі…

Read More
Халық жаңалығы 

3 минутта 10 көйлек ауыстырады

Киелі Қазығұрт ауданының тұрғыны Гүлімжан Исақ – ерекше дарын иесі. Ол көз ілеспес жылдамдықпен 3 минутта 10 көйлекті ауыстыра алады. Сиқырлы қимылға ұқсас мұндай өнерді ғылыми тілде «иллюзия» деп атайды. Сахнада түрлі түсті сәнді көйлектерді киіп, көрермен назарын еріксіз аудартатын өнердің құпиясын білу кімге де болса қызық. «Иллюзия» өнері шетелдерде жақсы дамығанымен, оны қазақ қызы марқұм Алтынай Байтоқановадан ешкім асырып орындай алмады. Ол әр киімде бет әлпетті әртүрлі етіп құбылтуға үлкен мән беретін. Қолының ептілігі де көрініп тұратын. Ал бүгінде осы өнерді жалғастырып жүрген жерлесіміз әр көйлекті ауыстыруға небәрі 2-3…

Read More