Жаңалықтар 

3 тонна мандарин контрабандалық жолмен әкелінген

Оңтүстік Қазақстан облысының кеденшілері теміржол көлігі арқылы елімізге Пәкістаннан заңсыз әкелінген 3 тонна мандаринды әшкереледі. Кедендік бақылау департаменті мамандарының айтуынша, 27-қаңтар күні республикамызға келген жүк вагондарының үшеуінде ресми құжатта көрсетілмеген жемістер табылыпты.

 Жалпы құны 2 миллион теңгеден асатын тауарды Пәкістандық бір компанияның Ақмола облысы, Есіл қаласындағы “MILENA EXPORT” жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне жібергені анықталып отыр. Жемісті күтіп алушы заңды тұлға өкілдері облысымыздағы кеден бақылау департаментінің арнайы депозитіне тауардың заңды өтемақысын төлеп, алып кеткен. Соған қарамастан бұл факті бойынша қылмыстық іс қозғалыпты.

Бағдат Қырғызалиев, ОҚО КБД контрабанда басқармасының бас анықтаушысы: “Ол вагондардан кедендік декларацияда көрсетілмеген 3 тоннаға жуық мандарин шықты. Оның жалпы бағасы 2 миллионнан аса болып шықты. Бұл фактіге қатысты ҚР қылмыстық кодексінің 209 бабының 1- тармағымен қылмыстық іс қозғалып, қазіргі таңда тергеу амалдары жүргізілуде.”

Related posts

Пікір қалдыру

Алғашқы болып пікір жазыңыз!

Маған хабар беру:
777
wpDiscuz