Жаңалықтар 

80 орынға шақталған

Арыс қаласында 80 орындық жаңа балабақша ашылды
Арыс қаласында 80 орындық жаңа балабақша ашылды

Өткен аптада Арыс қаласында 80 орындық жаңа балабақша ашылды. Нысан құрылысына жергілікті бюджеттен 52 млн 167 мың теңге бөлінген.

Алдағы уақытта Арыс қаласында «Балапан» бағдарламасы аясында 280 орындық тағы бір жаңа балабақшаны ашу жоспарланыпты
Алдағы уақытта Арыс қаласында «Балапан» бағдарламасы аясында 280 орындық тағы бір жаңа балабақшаны ашу жоспарланыпты

Жекеменшікте болған бұрынғы балабақша ғимараты коммуналдық меншікке алынып, күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілген. Мұнда сәбилердiң тынығып, жаттығуына жан-жақты жағдай жасалған. «Елбасының «Қазақстандық жол-2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты Жолдауында білім беру мәселесіне көп көңіл бөлінгені белгілі. Сондай-ақ балаларды мектепке дейінгі білім беру мекемесімен қамту туралы да мәселе көтерілген. «Пайдалануға берілген жаңа балабақша өңірдегі аталған мәселені оңтайлы шешуге септігін тигізеді деп ойлаймын», – дейді қала әкімі Сейіт Ертай. Алдағы уақытта Арыс қаласында «Балапан» бағдарламасы аясында 280 орындық тағы бір жаңа балабақшаны ашу жоспарланыпты.

Дәурен ӘБДІРАМАНОВ

Related posts

Пікір қалдыру

Алғашқы болып пікір жазыңыз!

Маған хабар беру:
777
wpDiscuz