Жаңалықтар 

Биыл да әлеуметтік нысандар салынады

Облыстық мәслихаттың кәсіпкерлік, құрылыс және коммуналдық саланы дамыту жөніндегі тұрақты комиссияның отырысында 2014-2016 жылдарға арналған бюджет талқыланды. 

тұрақты комиссияның отырысы
тұрақты комиссияның отырысы

Баяндамадан белгілі болғандай, биыл әдеттегідей әлеуметтік нысандардың құрылысы қарқынды болуы үшін қыруар қаржы бөлініпті. Сондай-ақ, «Шағын қалаларды дамыту» бағдарламасы аясында 54 миллионнан астам теңгеге Кентаудағы жылу жүйесі жаңғыртылатын болыпты.

Мұны құптаған халық қалаулылары Түркістан қаласы ауызсусыз қалуы мүмкін деген мәселені көтеріп, назарға алуды ұсынды. Кентау мен Түркістан арасында су құбырын тарту үшін қаржы бөлу керек. Облыс әкімінің орынбасары Ербол Садыр бұл мәселемен таныс әрі былтыр қаржы бөлгендерін алға тартты. «Республика оны жоспарлап, екі жылға қаржысын бөліп отыр. Былтыр осы мәселе өзекті болғаннан кейін өңірдің бюджетінен 108 миллион теңге бөлдік. Негізі жалпы құны — 1 миллиард  80 миллион. Ол республикадан бөлінеді. Биыл 200 миллион теңге бөліп отырмыз. Ал қалған қаржысын Энергетика басқарамасы бөлгізу үшін жұмыстар жасап жатыр» деп қосты Ербол Садыр.

Осылайша бюджеттің қаржысын түгендеген депуттаттар қалайда Түркістан халқын сумен қамтуға қаржы бөлінуі тиіс деп шешті. Бірі өтінді, бірі дауласты. Қазынаның әрбір тиынын мақсатты жұмсауды көздеген комиссия мүшелері бұған қоса биыл газбен қамтамасыз ету, жарықтандыру, тұрғын үй құрылысын жүргізу, табиғатты қорғау салаларына бөлінген қаржыны құптап, сессияның қарауына жіберді.

Related posts

Пікір қалдыру

Алғашқы болып пікір жазыңыз!

Маған хабар беру:
777
wpDiscuz