Жаңалықтар 

ОҚО әкімдігі: «Доллардың қымбаттауы Оңтүстікке әсер етпейді»

Доллар бағамының күрт өсуін ешбір кәсіпкер бас пайдасына асырмауы керек! Бағаны көтеріп, кәсібін екі еселегісі келген бизнесменге шара көріледі. АҚШ долларының күрт қымбаттауына байланысты облыс әкімдігінен құрылған жедел штаб төрағалары осылай деді. Кеше кешкісін шұғыл басқосу өткізген облыс әкімінің орынбасарлары дәріхана, жанармай бекеттері және базар қожайындарымен арнайы меморандумға қол қойып, бағаны көтермеу бойынша уағдаласты.

доллар Доллар өсті деп азық-түлік бағасын көтеруге болмайды. Өйткені, біздегі тауарлардың басым бөлігі жергілікті, яғни, көк қағазға тәуелсіз. Қалаға қарасты 30 базардың қожайынымен арнайы меморандумға қол қойған Сапарбек Тұяқбаев тұрақтандыру қорындағы азық-түлік нарықтағы қазіргі бағаны бір жыл бойы ұстап тұруға жетеді дейді. АҚШ-тың ақшасы өсті екен деп, бағаны көтеріп, саудасын қыздырған кәсіпкерге көрілер жаза қатаң.

Сапарбек Тұяқбаев, облыс әкімінің орынбасары: «Егер де бір сауда орталығындағы баға көтерілер болса, оған шара қолданамыз. Тіпті, базарды жабуға дейін барамыз. Қазір тұрақтандыру қорында 300 тонна картоп, 100 тонна пияз, 300 тонна қант және 3 мың тонна ұн бар. Мұның бәрі қазір әлеуметтік орындарда сатылып жатыр.»

Жанармайдың бағасы да бір тиынға өспеуі тиіс. Өйткені, қордағы бензин Оңтүстік жұрты үшін әлі бір айға дейін жетеді. Жанармай саудасымен айналысатын кәсіпкерлермен жүздескен Берік Оспановтың да ескертуі қатал болды. Егер түзілген келісім бойынша жұмыс жүргізбесе, кәсіпкермен сөз басқаша жүргізіледі деді штаб төрағасы. Айта өткен жөн, облыс бойынша 500-ден астам жанармай құю бекеті бар.

Берік Оспанов, облыс әкімінің бірінші орынбасары: «Жанармай бекеттері жұмыс істемей қалды, кешегі бар бензин бүгін жоқ боп қалды деген жағдай болса, біз бір шешім қабылдаймыз. Ол мекеме оператор тізімінен шығып кетеді. Мен оған толық уәде бере алам. Тіпті, кепіл де боламын. Тура сондай жағдайға жеткіземіз. Яғни, ол мекеме келешекте оператор болмайды.»

Қайыпбек Қамбаров, облыстық жанар-жағармай қауымдастығының төрағасы: «Ең қиын кездерде біз елімізді қолдаймыз. Елімізде ешқандай бағаны көтеруге жол бермейміз дегім келеді. Сондықтан, бізге ешқандай пайда табу деген жоқ. Бәрі бізге жетеді. Тәубе. Қанағат.»

Көк қағаздың өсуі дәрі саудасына кедергі келтіріп отыр. Өйткені, дәріхана жүйесі бойынша сатып алынған дәрілердің 70 пайызының ақшасы кейіннен төленеді екен. Облыс әкімінің орынбасары Ербол Садырға дәріхана иелері осыны айтып қынжылды. Десе де монополистер халықтың қалтасына салмақ салмау үшін анальгин, парацетамол, цитромон сынды негізгі деген 200 дәрінің құны бұрынғы қалпында қалады деген сөзге уағдаласты. Көк қағаздың құны тұрақтанғанша арнайы құрылған 3 штаб үнемі кәсіпкерлердің іс-әрекетіне мониторинг жүргізетін болады.

Related posts

Пікір қалдыру

1 пікір - "ОҚО әкімдігі: «Доллардың қымбаттауы Оңтүстікке әсер етпейді»"

Маған хабар беру:
777
Іріктеу::   соңғыларын | алғашқыларын | танымалдарын

Каншалыкты сенуге болады? Дукендер мен аптекалар жабык, карапайым халык киналады.

wpDiscuz