Жаңалықтар 

Этно-мәдени орталықтардың жаңа ғимараты бар

 

Өңіріміздегі "Ынтымақ" ассамблеясының қызмет сапасы жақсаратын болады. Себебі бүгінге дейін жергілікті мекемелердегі бос бөлмелерді паналап келген этно-мәдени орталықтар, енді жаңа нысанға жайғасып отыр. Облыстық Сәкен Сейфуллин атындағы халықтар достығы үйінің қосымша құрылыс жұмыстары тәмамдалды.
Этно-мәдени орталықтар жайғасқан жаңа ғимарат

Естеріңізде болса, Облыстық Сәкен Сейфуллин атындағы халықтар достығы үйінің қосымша бөлігіндегі құрылыс жұмыстары 2013 жылдың наурыз айында басталған болатын.

Гүлнәр Нарова, облыстық өзбек мәдени орталығы төрағасының орынбасары: "Бұрынғы  жағдайымыз суық еді, жылу дажоқ еді, қыстың күндері қиналатын едік. Мынау қазір енді жаңа ғимаратта отырмыз. Қуанышымыз қойнымызға сыймай отыр. Алдын суық қыста жұмысқа келгіміз келмейтін, есігімізді құлыптап айлап келмейтінбіз. Ал мұнда қазір заманауи әйнектер, жап-жарық кабинеттер, компьютерлер алдымызда, жұмысымыз да жақсы, жеңіл болып қалды

Гүлнәр Нарова, облыстық өзбек мәдени орталығы төрағасының орынбасары: “Бұрын суық ғимараттат отыратынбыз, жылу да жоқ еді. Қазір енді жаңа ғимаратта отырмыз. Қуанышымыз қойнымызға сыймай отыр. Алдында суық қыста жұмысқа келгіміз келмейтін, есігімізді құлыптап, айлап келмейтінбіз. Ал мына кабинеттер жап-жарық, компьютерлер – алдымызда, жұмысымыз да жақсы, жеңіл болып қалды.”

Бүгінде Өзбек мәдени орталығынан бөлек, мұнда 13 бірдей "Ынтымақ" ассамблеясының ұлт өкілдері қызмет етіп жатыр. Бұл үшін мұнда жұмыс бөлмелерден бөлек, 100 адамдық мәжіліс залы және хареография бөлмесі де арнайы дайындалған.
Хореография бөлмесі
 ғимараттың осы 3 қабатты жаңа бөлігінің құрылысына қазынадан 68 млн. теңге қаржы бөлініпті. Ал Сәкен Сейфуллин атындағы халықтар достығы үйінің басшылығы мұндай жөндеу жұмыстары ғимараттың 4 бөлігіне де қажет деп отыр.
Жаңа ғимарат ыстық және мұздай сумен қамтылған
Эльмира Жалғазиева, С.Сейфуллин атындағы халықтар достығы үйі директорының орынбасары: "Ескі ғимарат қой енді. Кеңес Үкіметінен келе жатқан, біраз жыл жөндеу көрмеген. Енді көпшілік іс -шаралар, әкімшіліктің болсын, басқа болсын, КВН болсын бәрі осы жерде өтіп жатады. Сосын тозығы жеткен. Бірақ осы жылы күрделі жөндеу жұмыстары болады деп үміттенеміз".
Эльмира Жалғазиева

Эльмира Жалғазиева, Сәкен Сейфуллин атындағы халықтар достығы үйі директорының орынбасары: “Ескі ғимарат қой енді. Кеңес Үкіметінен келе жатқан, біраз жыл жөндеу көрмеген. Көпшілік іс-шаралар, әкімшіліктің жиналысы болсын, КВН болсын, бәрі осы жерде өтеді. Сосын тозығы жеткен. Бірақ биыл күрделі жөндеу жұмыстары болады деп үміттенеміз.”

Мәжіліс залы
Мәжіліс залы

Ұжым үміттенеді. Себебі ғимараттың қалған бөлігінің мәселесі облыстық мәслихатқа ұсынылыпты. Ал өңіріміздегі мәдени-орталық өкілдері жуырда түрлі ауқымы кең байқаулар мен өнер сайыстарын ұйымдастыруды жоспарлап отыр

Бүгінге дейін жергілікті мекемелердегі бос бөлмелерді паналап келген этно-мәдени орталықтар осылайша енді жаңа нысанға жайғасып отыр. Облыстық Сәкен Сейфуллин атындағы халықтар достығы үйінің қосымша құрылыс жұмыстары тәмамдалды.

Естеріңізде болса, осы мәдениет үйінің қосымша бөлігіндегі құрылыс жұмыстары 2013 жылдың наурыз айында басталған болатын. Қазір мұнда 14 бірдей мәдени орталықтың өкілдері қызмет етіп жатыр. Бұл үшін мұнда жұмыс бөлмелерден бөлек 100 адамдық мәжіліс залы және хореография бөлмесі де бар.

Ғимараттың осы 3 қабатты жаңа бөлігінің құрылысына қазынадан 68 миллион теңге бөлініпті. Ал мекеме басшылығы мұндай жөндеу жұмыстары ғимараттың 4 бөлігіне де қажет деп отыр.

Ұжым үміттенеді. Себебі ғимараттың қалған бөлігінің мәселесі биыл облыстық мәслихатқа ұсынылыпты. Ал өңіріміздегі мәдени орталық өкілдері жуырда ауқымы кең түрлі байқаулар мен өнер сайыстарын ұйымдастыруды жоспарлап отыр.

Related posts

Пікір қалдыру

Алғашқы болып пікір жазыңыз!

Маған хабар беру:
777
wpDiscuz