Жаңалықтар 

Киім-кешектің бағасы сол қалпында

Шымкент базарларында сауда жасайтын ағайын тауарды Түркия, Өзбекстан мен Қырғызстаннан алып келеді. Басым бөлігі, негізінен, қырғыздың киім-кешегін саудалайды. Оның себебі — бағасы қымбат емес.

базардағы өмір

Доллар бағамы көтерілгенімен, Қырғызстаннан келетін киім-кешектің бағасы әзірге тұрақты. Бірақ, екі күн бұрын тауар алып келген Гүлсара Жұмаділлаева Қырғыз елінде де АҚШ доллараның құны өскенін айтады. Тауарды доллармен саудалайтын ол бағаның әдеттегіден 10 пайызға көтерілгенін байқапты.

Халық киім-кешекті азық-түліктен кейінгі орынға қояды. Сонда да жиі тұтынатын тауарларды базардан алғанды жөн санайды. Сонымен саралайық. Шұлықтар — 100-200 теңге, сүлгілер — 200-2000 теңге, костюм-шалбар — 7 мың мен 20 мың теңге аралығында. Ал джинсы шалбар- 1500 теңгеден бастап төрт мың теңгеден сатылуда. Бұл баға сатып алушылардың көңілінен шығып тұр.

Саудагерлер доллар бағамы көтерілгенімен, киім-кешектің құнын өсіруге болмайды деп отыр. Онсыз да алушылар қатары аз көрінеді. Ал бағаның тұрақтылығы қанша уақытқа созылатынын ешкім кесіп айта алмайды. Өйткені бұл — нарық.

Related posts

Пікір қалдыру

Алғашқы болып пікір жазыңыз!

Маған хабар беру:
777
wpDiscuz