Оңтүстікте дәрі-дәрмек бағасы тұрақты

487
Дәрі-дәрмек бағасы әзірге тұрақты

Оңтүстік Қазақстан облысында дәрі-дәрмектің бағасы тұрақты. Қаладағы бірқатар дәріханаларды аралап, бағасын саралап шыққан облыс әкімінің орынбасары Ербол Садыр бастаған топ осыған көз жеткізді.

Дәрі бағасы қадағалануда
Дәрі бағасы қадағалануда

Шымкент қаласы Байтұрсынов көшесінде орналасқан «Зерде» және «Еврофарма» дәріханаларында болған Ербол Садыр бағаның негізсіз өсу фактісі тіркелмегеніне көз жеткізді. Облыс әкімінің орынбасары тиісті медициналық компаниялармен келісімге келіп, меморандумға қол қойылғанын айтты.

[youtube]http://www.youtube.com/watch?v=j-tivtxD4DA[/youtube]

Ербол Садыр, облыс әкімінің орынбасары: «Арнайы құрылған 17 жұмыс тобы бар. Облысымызда 1341 дәріхана болса облыс бойынша жұмысшы тобы күн сайын мониторинг жүргізіп отырады. Дәрі-дәрмек бағасы негізсіз өспегенін өздеріңіз көріп отырсыздар. Ең қажетті 210 дәрінің бағалары бекітілген бағадан жоғары болмау керек. Арнайы сенім телефондары тәулік бойы жұмыс істеп отырады. Сондықтан дәрілердің қымбаттап кеткен фактілері кездесетін болса, сенім телефондарына  хабарласуларыңызға болады.»

Дәрі-дәрмек бағасы әзірге тұрақты
Дәрі-дәрмек бағасы әзірге тұрақты

Әзірге екі айға дейін бағаны тұрақтандырып, арнайы мониторнинг жасайтын топ арнайы тізіммен дәрі-дәрмектің бағасын қадағалап шықты.

Ляззат Қашқынбаева, медициналық және фармацевтикалық қызметті бақылау комитетінің ОҚО департаментінің басшысы: «Қажетті дәрілердің 77-сі – жергілікті «Химфармның» өнімі болып табылады. Оның ішінде дәрігердің нұсқауымен және нұсқауынсыз босатылатын дәрілер бар. Олардың бағасы көтеріліп кетсе, әкімшілік құқықбұзушылылық бойынша шара қолданылады.»

Осылайша денсаулық сақтау басқармасы және аумақтық медицина және фармацевтикалық қызметті қадағалау басқармасы дәрі бағасын жүгендеуге талпыныс жасап отыр. Заңды белден басып, дәрі бағасын қымбаттатса, дәріханалар көлемді айыппұл төлеп, қатаң шара көріледі. Егер де сіз дәріханаларда бағаның өскенін байқасаңыз, 41-32-80 және 41-30-06 сенім телефондарына қоңырау шалып, шағымдана аласыз.