Жаңалықтар 

Оңтүстікте бағаны тұрақтандыру комиссиясы іске кірісті

Облыс әкімі бастаған аудан, қала әкімдері мен жауапты шенеуніктер “Алаш” көтерме-сауда  базарын аралап көрді. Мұнда сауда қызып тұр дей алмайсың. Баға бұрынғы қалыпта. Тұрмысқа қажетті заттардың да құнында өзгеріс жоқ. Базар басшылығы мен әкімдік арасында бағаны негізсіз көтеріп, заңсыздыққа жол бермеу турасында меморандум түзілгені айтылды. Сондықтан, өңір басшылары бағаға қатысты жағдай бақылауда болатынына сенімді.

Нанның бағасы әзірге тұрақты
Нанның бағасы әзірге тұрақты

Ералхан Байханов: “Алаш” көтерме-сауда орталығы директорының орынбасары: “Ет өнімдері, барлығы бұрынғы бағамен саудаланып жатыр. Егер орын алып жатқан өзгеріске байланысты саудагерлер өнімдеріне ақша қосып сататын болса, базардағы орнынан айырылады. Өздеріңіз белгілі шығар, базардағы орынның қымбат екені…”

vlcsnap-2014-02-12-19h19m23s74

Дәл осы келісімдегі бір тарап – облыс орталығындағы 15 базар мен 10 ірі сауда орталықтарында халық тұтынатын тауардың 80 пайызы саудаланады екен. Қолмен тартып тұрсаң да нарықтың өз заңдылығы барын басшылар да, сауда жасаушылар да жақсы біледі. Тұтынушы үшін де ол жаңалық емес. Дегенмен, қазіргідей теңге құнсызданған сәтте алғашқы шұғыл көрілетін шаралар жан-жақты қолға алынған.

 Асқар Мырзахметов, облыс әкімі: “Барлық сауда орындарындағы тауарлар сол қалпында саудаланады. Өзімізде бір жылға жететін өнім бар. Ірі сауда нүктелерімен келісімге отырғанбыз. Біз күнделікті бүкіл халықты қамтамасыз ете алмасымыз анық. Қазір бізде қалған картоп – 300 тонна, тағы  230 және 200 тонна резервте тұр. 100 тонна пияз, 300 тонна қант, 3000 тонна ұн бар.”

Қысқы суықта қажет дәрі-дәрмек бағаларын бақылау да назарда тұр дейді Сапарбек Тұяқбаев. Өңірді тиісті дәрмектермен қамтыған “СК Фармация” компаниясы өнімдерді алдын ала қамдап қойған. Сондықтан, қоғамды даурықтырған бүгінгі жағдайда басы ауырып, балтыры сыздағандар үшін дәріханаларда баға сақталады.

Related posts

Пікір қалдыру

Алғашқы болып пікір жазыңыз!

Маған хабар беру:
777
wpDiscuz