Олар оралған жоқ

50
Идрис (Эдрис) Оспанов

«Оңтүстік Рабат», «Рабат» газеттері мен «Отырар» телеарнасының «Олар оралған жоқ!» атты бастамасына оқырмандардан хаттар келіп түсуде. Солардың бірін Әдикеш апа Идирисова жолдапты. Ол соғысқа аттанып қайта оралмаған өз жақындары туралы төмендегіше мәліметтерді жолдай отырып, қан майданда қаза тапқан сарбаздардың есімі мәңгі ел есінде қалса екен деп тілейді. Біздің де мақсат осы.

Идрис (Эдрис) Оспанов
Идрис (Эдрис) Оспанов

1. Идрис (Эдрис) Оспанов – 1909 жылы туған. 1942 жылдың ақпан айында ОҚО, Мақтарал ауданы, ІІІ-Интернационал колхозы, Бірлік ауылдық советі әскери комиссариатынан шақыртылған. 262 атқыштар дивизиясында болған.

2. Жүніс (Джунус) Оспанов – 1906 жылы туған. 1942 жылы ОҚО, Мақтарал ауданы, ІІІ-Интернационал колхозы, Бірлік ауылдық советі әскери комиссариатынан шақыртылған.

3. Рахым Оралбаев (Рахим Уралбаев) – 1909 жылы туған. 1942 жылы ОҚО, Мақтарал ауданы, ІІІ-Интернационал колхозы, Бірлік ауылдық советі әскери комиссариатынан шақыртылған. 239 атқыштар дивизиясында болған, сержант.

4. Мұсабек Мырзамсейтов – 1906 жылы туған. 1942 жылы ОҚО, Мақтарал ауданы, ІІІ-Интернационал колхозы, Бірлік ауылдық советі әскери комиссариатынан шақыртылған. 374 атқыштар дивизиясында әскерде болған.

Байзақ Оспанов (Османов) (сол жақтағы)
Байзақ Оспанов (Османов) (сол жақтағы)

5. Байзақ Оспанов (Османов) – 1916 жылы туған. 1941 жылы ОҚО, Мақтарал ауданы, ІІІ-Интернационал колхозы, Бірлік ауылдық советі әскери комиссариатынан шақыртылған. 316 Темрюк атқыштар дивизиясында болған.

6. Исабек Мырзамсейтов – 1903 жылы туған. 1943 жылы ОҚО, Мақтарал ауданы, ІІІ-Интернационал колхозы, Бірлік ауылдық советі әскери комиссариатынан шақыртылған. 8 гвардия, 19 атқыштар дивизиясында әскерде болды.

PS.: Соғыстан қайта оралмағандар жайлы дерек білсеңіз, бізге хабарласыңыз. Азаматтың аты-жөні, суреті, қай әскери округтен шақырылғандығын толық жазып, редакциямызға (Шымкент қаласы, Н.Төреқұлов көшесі, 15 үй. Тел: 53-54-17) хат жолдауға мүмкіндігіңіз бар. Біз оны газет бетіне жариялай отырып, Жеңістің 70 жылдығына дейін арнайы топтама жасамақпыз. Сіз бен біздің бейбіт өміріміз үшін қасық қаны қалғанша майдан даласында арпалысқан азаматтарды осылайша мәңгілік есте қалдыруға тырысайық.