Жаңалықтар 

Шымкентте алғаш рет фортепиано мен симфониялық оркестрдің концерті өтті

Классикалық әуен. Облыстық опера және балет театрында алғаш рет фортепиано мен симфониялық оркестрдің орындауында концерт өтті. Шымкенттік өнерсүйер қауым үшін мұндай мүмкіндікті бірнеше халықаралық байқаулардың лауреаты, фортепианошы Айгүл Айғазиева сыйлады. Айта кету керек, кеш Айғазиеваның 50 жылдық мерейтойы құрметіне ұйымдастырылған.

кеш жүргізушілері

“Рояль әуені ғажап” атты шығармашылық концерт барысында 14 композиция орындалды. Кеште Моцарттан бастап, Ақан Сері, Біржан сал және Фариза Оңғарсынованың сөзіне жазылған “Сезім” туындысы шырқалды.

Ф.Оңғарсынованың сөзіне жазылған "Сезім" әні орындалды

Ерлан Жандарбай және театрдың хор ұжымы И.Франктің "Пани Анжеликус" шығармасын орындады
Ерлан Жандарбай және театрдың хор ұжымы
Кеш фортепианошы Айгүл Айғазиеваның  жылдық мерейтойына ұйымдастырылды
Мерейтой иегері – Айгүл Айғазиева

Көрермендер орындалған шығармаларға қошеметтерін білдірді

Фортепиано және симфониялық оркестр В.Моцарт шығарамсын орындады

Related posts

Пікір қалдыру

Алғашқы болып пікір жазыңыз!

Маған хабар беру:
777
wpDiscuz