Оқыс оқиға 

Шымкентте улану оқиғасы азаймай отыр

Шымкентте тағы бір адам газдан уланып, көз жұмды. Оқыс оқиға жеке тұрғын үйде орын алған. Бұл- жылыту маусымы басталғаннан бергі 9-шы қайғылы оқиға. Уланып қайтыс болған адамның жалпы саны он төртке жеткен. Бұл өткен жылмен салыстырғанда екі есе жоғары көрсеткіш.

Бұл жолғы оқиға Әл Фараби көшесінің бойында орын алды. Жеке үйде тұратын 30 жастағы әйел улы газға тұншығып қалған. Үйінің табиғи газбен жылыту құрылғысы дұрыс жұмыс істемей, бірден бұзылып қалған. Соның салдарынан зардап шегуші оқиға орнында көз жұмды.

Арман Әсібеков, облыстық төтенше жағдайлар департаментінің бас маманы: «Суыт хабар 9-ақпан күні келіп түсті. Оқиға орнынан әйелдің мәйіті табылды. Ол газға уланып өлген. Қазіргі таңда Абай полиция бөлімінің қызметкерлері анықтау жұмыстарын жүргізуде.»

таксикология бөлімі
Токсикология бөлімі

Бұл аздай, облыстық жоғары қысымды оттегімен емдеу орталығына кешегі күні көмірқышқыл газына уланған бір отбасы түскен. Олар қазір ем алып жатыр. Науқастың айтуынша, олар жатар алдында пештеріне көмір салыпты. Таңертең барлығы уланып калыпты. Жедел жәрдемді басқа бөлмеде жатқан үлкен ұлы шақыртқан. Қазір бастарының аман қалғанына қуанады.

Дәл қазіргі таңда токсикология бөлімінде улы газбен уланған үш бала мен бір ересек адам жатыр. Ал жыл басынан бері 85 науқас ем қабылдапты.

Икрам Төлеев, облыстық жоғары қысымды өттегімен емдеу орталығының бас дәрігері: «Олардың  ішінде 6 бала, 4 жасөспірім, 57 әйел, 18 ер азамат болған. Бұл көрсеткіштер өткен жылмен салыстырғанда әлдеқайда жоғары. Соңғы үш жылда 950 азамат ем қабылдаса, оның тек біреуі ғана ауыр халде көз жұмған. Ал биыл олардың қатары көбейген. Ал токсикология жетпей, үйінде көз жұмғандардың санын айта алмаймыз.»

Related posts

Пікір қалдыру

Алғашқы болып пікір жазыңыз!

Маған хабар беру:
777
wpDiscuz