Жаңалықтар 

Түркістанның әкімі есеп берді

Түркістан қаласында туризмді дамыту кезек күттірмейтін шаруа. Жыл сайын мұнда, өзімізді айтпағанда, сырттан келушілердің қарасы қалың. Өткен жылы 700 мыңнан аса туристер келіпті. Оларға қазір мақтанып көрсетер қолөнер орталығы бар. Бұдан бөлек 200 орынға арналған туристерге қызмет көрсету орталығы да салынуда. Ал келер жылы бес жұлдызды қонақ үй бой көтереді деген үміт бар.

Түркістан қаласы әкімінің есебі
Түркістан қаласы әкімінің есебі

Киелі шаһардың әкімі Бақытжан Әшірбеков халық алдында есебін берді. Ең басты жаңалықтардың бірі — екі жүз елу мыңға жуық тұрғыны бар шаһарда жұмыссыздық деңгейі төмендепті.

Дегенмен, қалада ауызсу мәселесі түбегейлі шешілмей келеді. Қаланың шет ауылдарында тіршілік нәрі тапшы. Бірақ, аудан тамшылатып суару бойынша өңірімізде бірінші орынға шыққан. Ал мақташылары 2-орында тұр. Яғни, ауданда ауыл шарушылығы жолға қойылған деуге болады. Осыларды мәлімдеген қала әкімі есебін оқып шыққанша жарыссөзге жазылғандар көп болды. Бірі мақтаса, енді бірі өтінішін жеткізді. Аналар перзентхана салып беруді сұранды.

Ал есепті қорытындылаған облыс басшысы ауданда ана мен бала өлімінің өршіп тұрғанына тоқталды. Қылмыстың деңгейін азайтып, кәсіпкерлікті дамытуды тапсырды. Десе де, Түркістанда қордаланған мәселелер біртіндеп шешімін тауып келеді екен. Жалпы, әкімнің атқарған жұмысына тұрғындар қанағаттанды, өңір басшысының көңілі толды.

Related posts

Пікір қалдыру

Алғашқы болып пікір жазыңыз!

Маған хабар беру:
777
wpDiscuz