Заңсыз орнатылған билбордтар алынуда

388

Шымкент көшелеріндегі билбордтар заңсыз орналасқан. Ешқандай жарнама заңына және талаптарға сай келмейтін билбордтардың саны бес жүзден асып жығылады.

көше заңсыз жарнамадан тазартылуда
Көше бойы заңсыз жарнамадан тазартылуда

Бұл күндері заңсыз жарнама билбордтарының көзін жою жұмыстары қызу жүргізілуде. Қала бойынша 552 жарнама құрылғысының саны 344-ке кемітілгенімен, олар да талапқа сай орналаспаған. Сол себепті де былтыр 105 билборд орнынан алынса, биыл бұл көрсеткіш екі еселенген.

vlcsnap-2014-02-11-18h50m17s4

Яғни қаңтар айынан бастап екі жүзден аса жарнама құрылғысы орнынан алынуда. Олардың бір бөлігі өз еріктерімен алынса, ендігі бөлімі сот шешімімен құлатылыпты.

[youtube]http://www.youtube.com/watch?v=HCrx_1VD9hU[/youtube]

 

Марат Шарипов, қалалық әкімдіктің заң бөлімінің басшысы: «Қиылыста үш жол белгісінен артық белгі болса, жол қауіпсіздігіне қатер-кедергі келтіруіне байланысты ол қиылыста жарнама құрылғысы болмау керек. Одан кейін жол жиегінен жарнама құрылғылары 5 метр қашықтықта орналасуы керек. Ол жаяу жүргіншілерге кедергі жасамау керек. Осындай талаптар сақталмаған жарнама құрылғылары алынып тасталуда.»