Жаңалықтар 

Қала басшысы ардегер және көпбалалы ананың үйіне барды

Қала әкімі аналарға құрмет көрсетті. Бүгін таңертең Дархан Сатыбалды ҰОС-ның ардагері мен көпбалалы ананың үйінде болып, келе жатқан 8-наурыз халықаралық әйелдер күні мерекесімен алғашқылардың бірі болып құттықтады.

Анна Федоровна
Анна Федоровна

Шаля Анна Федоровна — ҰОС-ның ардагері. 91 жасты алқымдаған батыр әже сұрапыл соғыс жылдары Сталинград шайқасына қатысқан. Ұлы Отан Соғысындағы «Ерен еңбегі үшін» Жуков ордендерімен марапатталған. 8-наурыз мерекесіне орай үйіне арнайы келген қала әкімі Дархан Сатыбалдыны дастархан жая қарсы алып, алғысын айтты. Сондай-ақ, туған қаласының күннен-күнге гүлденіп келе жатқанын тілге тиек етті. Еткен еңбекті естен шығармай, елеп, құрмет көрсеткен қала басшылығына ризашылығын білдірді.

Анна Шаля, ҰОС-ның ардагері: «8-наурыз — бәріміз асыға күтетін мереке. Жыл сайын немере, шөберелерімен атап өтемін. Биыл бірінші болып, қала әкімінің өзі құттықтап келді. Рахмет! Мен сияқты соғыс отын көрмеңіздер.»

көпбалалы ана Эльмира Ақтаева
Көпбалалы ана Эльмира Ақтаева

Сондай-ақ, қала басшысы 35 жастағы көпбалалы ана Эльмира Ақтаеваның отбасына бас сұқты. Дархан Сатыбалды алқызыл гүл шоқтарымен алтын алқалы ананы көктем мерекесімен құттықтап, жанұяға соңғы үлгідегі теледидар сыйлады. Үйдің еркелерін де құр қол қалдырмады. Содан кейін барлығы дастархан басына жайғасып, әңгіме-дүкен құрды. Қала басшысы Эльмираның алты қызына «8-наурызда папаларыңа ауыр тиетін шығар. Соған көмектесейін деп келдім» деп әзілдеп, дастархан басындағыларды күлкіге қарық қылды.

Эльмираның алты қыз, бір ұлы бар
Эльмираның алты қыз, бір ұлы бар

Ал отбасының ең кенжесі Абылай анасын құрметтеп келген қала басшысының құрметіне және ардақты әкесіне арнап, ән салды.

Эльмира Ақтаева, көпбалалы ана: «Әкімге рахмет! Алғысымды білдіремін. Қуаныштымын. Ал жастарға айтарым, көпбалалы болудан қорықпаңыздар. Әр баланың өзіндік несібесі болады.»

Related posts

Пікір қалдыру

Алғашқы болып пікір жазыңыз!

Маған хабар беру:
777
wpDiscuz