Қарасулықтар қара суға зар

474
"Әділ-Z" ЖШС су ресурстар маркетингінің есігі жабық

Сайрам ауданы, Қарасу ауылының халқы тіршілік нәрінен тапшылық көруде. Ақсу мен Қарасу өзендерінің ортасында отырған он мыңға жуық тұрғын ауызсудың азабын тартып отыр. Себебі, жекенің меншігіндегі су құбырынан соңғы бірнеше жылда тамшы су да ақпаған.

Қарасуда су жоқ
Қарасуда су жоқ

Уәли Катеков отбасына су тасу үшін жұмыстан жиі қалады. Үйіне ауызсу құбыры тартылған. Бірақ, соңғы үш жылда құбырдан бірде-бір тамшы су ақпапты. Қарасу ауыл округінің Жаңақұрылыс шағынауданына көшіп келген жылы сағаттап ағатын су бұл күндері мүлдем жоқ.

[youtube]http://www.youtube.com/watch?v=bD-_TRyjgmg[/youtube]

Уәли Катеков, Қарасу ауылының тұрғыны: «Қашанғы сусыз отырамыз? Сусыз қайтіп күн көреміз? Су жоқ, 2-3 жыл болды, тасып ішеміз.»

Балалар қысы-жазы су тасиды
Балалар қысы-жазы су тасиды

Қарасулықтардың бірі сатып ішеді, мүмкіндігі барлары төрт шақырым жердегі бұлақтан тасып ішеді. Ауылдықтар ауызсу тарататын қондырғы жекенің меншігінде, оның үстіне құбырлар әбден тозған деп отыр.

Базарбай Қалиев, Қарасу ауылының тұрғыны: «Бізде су жоқ. Жекенің қолында, қаласа береді, қаламаса бермейді, қазір ол да жоқ. Бармаған жеріміз жоқ. Неге мемлекеттің меншігіне алмайды?»

Ауыл әкімі тұрғындарға мән-жайды түсіндіріп әлек
Ауыл әкімі тұрғындарға мән-жайды түсіндіріп әлек

Төзімі таусылған тұрғындар арызын айтып, аудан, ауыл әкімдігіне күнде келеді. Бірақ нәтиже жоқ. Ал ауылға ауызсу баратын құбыр қожайыны қалыптасқан жағдайды билікпен саудаласудың құралына айналдырып алыпты. «Өзіме болмаса, өзгеге де жоқ» деп тас-түйін бекініп алған «Әділ-Z» мекемесінің басшысы Қарасудың қараша халқына тірлішік нәрін беру туралы әкімдіктінің ұсыныстарын да қабылдамай отыр екен.

Ербол Бекбердиев, Қарасу ауыл округінің әкімі: «Ол кісімен бірнеше рет сөйлестік. «Халыққа шын мәнісінде жаныңыз ашыса, Үкіметке өткізіп, заманауи жаңа құбырлар тартайық» дедім. Халыққа 24 сағат су берейік десек, бұл кісі бізден қаражат сұрап отыр. Енді қаражат сұрау үшін құзыретті органдарға бердік. Ол азаматтар құжаттарымен айналысып жатыр.»

"Әділ-Z" ЖШС су ресурстар маркетингінің есігі жабық
«Әділ-Z» ЖШС су ресурсы маркетингінің есігі жабық

Ашуға булыққан қарасулықтар суға жауапты мекемеге келді. Халық болып, қара судан қақпауды сұранбақ болды. Алайда олардың кеңсесі тағы да тарс жабық.