Жаңалықтар 

Үш алаяқ қарттарды алдап кетті

Шымкентте үш алаяқ қарттардың қаржысын қолға түсіру үшін өзін басқа емес, “Нұр Отан” партиясының өкілі ретінде таныстырып отырған. Алаяқтар зейнеткерлердің сеніміне кіріп, ақшаның құнсыздануына байланысты қолдағы қаржысын 30 пайызға көбейтіп, қайтарамыз деп сендірген.

Күдікті азаматша
Күдікті азаматша

Қазіргі таңда айлакерлердің екі құрбаны белгілі. Күдіктілер олардың әрқайсысының 100 мың теңгесін алып кеткен. Қазір осы оқиға бойынша 27 жастағы бұрын сотты болмаған жергілікті тұрғын тұтқындалды. Оның екі сыбайласы іздестірілу үстінде. Тәртіп сақшылары алаяқтар тек Шымкент қаласында ғана емес, облыстың аудандарында да арам пиғылын жүзеге асырып келген болуы да мүмкін дегенді айтады.

Related posts

Пікір қалдыру

Алғашқы болып пікір жазыңыз!

Маған хабар беру:
777
wpDiscuz