Спорт 

Алғаш рет шымкенттік бойжеткен қазақша күрестен чемпион атанды

Қалалық № 10 жекпе-жек түрлері мектебінің шәкірттері ел чемпионаттарынан оралды. Облыс мақтаныштарын спорт ордасының әкімшілігі арнайы атап өтті. Самбо және қазақ күресінен Серкебай Ерназар екі бірдей алтынға қол жеткізді. Ал Бақытжан Әлімжанов бұл жарыстан екінші орыннан көрінді. Грек-рим күресінен Мамырбек Мұхамедали да күмістен алқаны қанағат етті. Қола медальды дзюдо күресінен Абу Мақсатпен Олжас Рысбек жеңіп алды. Ал ел тарихында алғаш рет қазақ күресінен алтын алқаны шымкенттік бойжеткен Перизат Қадырбекова еншіледі.

Перизат Қадырбекова ел тарихында алғаш рет қазақ күресінен чемпион атанған бойжеткен
Перизат Қадырбекова — ел тарихында алғаш рет қазақ күресінен чемпион атанған бойжеткен
Чемпиондарға спорт мектебінің басшылығы сыйақы беріп, олардың жеңісін арнайы атап өтті
Чемпиондарға спорт мектебінің басшылығы сыйақы беріп, олардың жеңісін арнайы атап өтті

Бұл жастардың алдында енді халықаралық жарыстар күтіп тұр

№10 жекпе-жек мектебі үшін 2014 жыл жақсы жетістіктермен басталды
№10 жекпе-жек мектебі үшін 2014 жыл жақсы жетістіктермен басталды

Related posts

Пікір қалдыру

Алғашқы болып пікір жазыңыз!

Маған хабар беру:
777
wpDiscuz