Жаңалықтар 

Аналарға алтын алқа тағылды

«Аналарды ардақтау — міндетіміз.» Абай ауданының әкімдігінің қызметкерлері 8-наурыз мерекесі қарсаңында аналардың құрметіне арнап, осындай тақырыпта мерекелік шара өткізді. Арнайы кеш аясында аудан әкімі Ахмет Татыбаев алтын және күміс алқа илерін арнайы шақырып, сый-сыяпаттарын табыстады. Көпбалалы аналардың қатарын енді ғана толықтарғандарды да айтулы құрмет алқасымен марапаттады.

Аналарға алтын алқа тағылды
Аналарға алтын алқа тағылды

Мәдина Нәдирова, күміс алқа иегері:»Өте қуаныштымын! Мұндай сыйға мені лайық деп тапқандары үшін алғыс айтамын. Елбасыға рахмет! Еңбегімді елеп, осылайша елдің алдында марапаттап жатыр. Барша аналарды, қыз-келіншектерді 8-наурыз халықаралық мерекелерімен құттықтаймын! Әйел бақытын тілеймін! Бейбітшілік заманда балаларымыз еліміздің гүлденуіне үлесін қосып жүре берсін деп тілеймін!»

«Алтын құрсақты ана — жұмақтың кілтін ұстайды» деген. Сондықтан ардақты аналардың мерекесінде мейірімді жүздеріне күлкі ұялатудың өзі — міндетіміз дейді ұйымдастырушылар. Аудан әкімдігі мамандарының сөзіне сенсек, көпбалалы аналарға құрмет тек мейрамда ғана көрсетілмейді.

Аналар құрметке бөленді
Аналар құрметке бөленді

Ахмет Татыбаев, Абай ауданының әкімі: «Тек мереке қарсаңында ғана емес, біз әрдайым құрметті аналарымызды ұмытпай, үйді-үйіне барып, қолдан келген көмекті аямаймыз. Осылайша аналарға деген құрметімізді білдіреміз. Бүгін де сол мақсаттан танбай, әпке-қарындастарымызды шақырып, құрметімізді көрсеттік. Жылы-лебіз тілектерімізді айттық. Менің аналарға деген алғысым шексіз. Өзім де перзентпін анаға, сондықтан әрдайым аналарды аялайық дегім келеді.»

Абай ауданы әкімдігінің ұжымы еліміздің демографиялық дамуына үлесін қосқан әйелдер үшін концерттік бағдарлама ұсынуды да ұмытқан жоқ. Айта кетейік, бүгінде қаламыздағы бір ғана Абай ауданында 1700 күміс алқа иегері бар. Ал алтыннан алқа таққан аналардың саны 1300-ден асқан.

Related posts

Пікір қалдыру

Алғашқы болып пікір жазыңыз!

Маған хабар беру:
777
wpDiscuz