Баланы қырқынан шығару медицинада құптала ма?

Мәнсия Кабулова

 

Мәнсия Кабулова
Мәнсия Кабулова

Оқырманның сұрағына Шымкент қалалық №2 балалар емханасының педиаторы Мәнсия Кабулова жауап береді: 

Сұрақ:

– Қазақта жаңа туылған нәрестені қырқынан шығару салты бар. Ал осыған дәрігер мамандар қалай қарайды?

Жауап:

– Қырқынан шығару салты ежелден келе жатқан ғұрып. Бұл ғұрыпты орындаудың еш айыбы жоқ деп ойлаймын. Ал, медицина тұрғысынан алғанда қырық күн ана үшін де, бала үшін де қауіпті кезең болып есептеледі. Осыған дейін баланың иммунитеті әлсіз болады. 40 күннен кейін ғана нәрестенің ет пен сүйегі бірігіп, екі көзі жылтырап, жан-жағына көз тоқтатып қарай бастайды. Ұл баланы қырық күнге жеткізбей (37-39 күнде), қыз баланы міндетті түрде қырық күн толтырып барып, қырқынан шығарған жөн.