Жаңалықтар 

Оқытушы есіктің ішіне есірткі салып, түрмеге алып кірмек болған (видео)

«Молданың істегенін емес, айтқанын істе!» Шымкентте түзеу колониясының мұғалімі осындай қағиданы ұстанса керек. Ол сотталғандарды тәрбиелеудің орнына оларға есірткі тасымалдаған. Қаладағы 167/3 мекемесіндегі колледжде дәріс оқитын ұстаз түрмеге марихуана алып кірмек болғанда ұсталып отыр. Адамнан қулық артылған ба — ол есірткіні есіктің ішіне тығып өтпек болыпты.

Есірткі заты екі қабат есіктің арасына жасырылған
Есірткі заты екі қабат есіктің арасына жасырылған

Түрмедегі дәрісхананың есігін алмастырмақ болған мұғалімнен мұндай әрекетті ешкім күтпейді деп ойласа керек. Полиэтилен қалтаға салынған жасыл түсті шөп қолдан жасалған есіктің ішіне жасырылыпты. Алайда, қулығы жүзеге аспады. Оны дер кезінде құрыққа ілген түзету мекемесінің өкілдері бұл қылмысты шұғыл мәліметтің көмегімен аштық деп отыр.

Бекмұрат Есіркепов, ОҚО бойынша қылмыстық атқару жүйесі 167/3 түзеу мекемесі басшысының міндетін уақытша атқарушы: «Түскен жедел хабарлама бойынша шұғыл шара барысында 1952 жылы туылған Шымкент қаласының тұрғыны ұсталды. Ол осы мекемеге заңсыз есірткі алып өтпек болған. Осы факті бойынша ішкі істер органдарының қызметкерлері шақырылып, күдікті тапсырылды.»

Ұсталған азамттың айтуынша, оған есікті басқа біреулер жасап, әкеліп берген. Бірақ, сол ағаш ұсталарын танымаймын дейді. Сондықтан мекемеге есік алып кірмек болғанын мойындағанымен, оның ішіне ішінде жасырылған затқа қатысын мойындаудан бас тартты.

Тәркіленген жасыл түсті зат тағайындалған сараптама қорытындысы бойынша 900 грамға жуық кептірілген марихуана екені анықталды. Енді түрмедегі колледжде дәріс оқитын мұғалім өз шәкірттерінің қатарынан табылуы мүмкін. Оқытушының үстінен есірткі немесе психотропты заттарды заңсыз тасмалдау бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Related posts

Пікір қалдыру

Алғашқы болып пікір жазыңыз!

Маған хабар беру:
777
wpDiscuz