Жаңалықтар 

Облыс әкімі Шымкенттегі демалыс аймақтарының құрылысын қадағалады

Облыс әкімі Асқар Мырзахметов тиісті сала басшыларымен Шымкент қаласындағы Қошқар ата, Бадам өзендері жағалауларындағы абаттандыру жұмыстарының орындалу барысымен танысты.

Облыс басшысы жауаптыларға тапсырма жүктеді
Облыс басшысы жауаптыларға тапсырма жүктеді

Құрылысы жүріп жатқан нысандардың басында Асқар Исабекұлы сала басшыларына нақты тапсырмалар беріп, құрылыстың сапасын қатаң қадағалауды жүктеді.

Бадам өзенін абаттандыру жұмыстары қарқын алды
Бадам өзенін абаттандыру жұмыстары қарқын алды

Бадам өзені бойын көріктендіру жұмыстарына жауапты мердігер мекеменің басшылығына құрылыстың бірінші кезеңін наурыздың аяғына дейін аяқтауды міндеттелді. Бұл демалыс аймақтары еліміздегі үшінші қала мәртебесіне талпынып отырған Шымкенттің жаңа келбетін қалыптастырмақ.

Related posts

Пікір қалдыру

Алғашқы болып пікір жазыңыз!

Маған хабар беру:
777
wpDiscuz