Жаңалықтар 

Сайрамда “Аллаһ” деген жазуы бар бұзаулар жүр

Сайрам ауданындағы Қарамұрт ауылында ерекше екі бұзау бар. Олардың туылуы жергілікті халықты таң-тамаша қалдырып отыр. Себебі, үй жануарларының бүйірінде арабша жазуға ұқсас бейне бар екен. Оны алғаш болып малдың иесі Ислам Батыров байқайды.

 

Бүйірінде жазуы бар бұзаудың бірі
Бүйірінде жазуы бар бұзаудың бірі

Шаруа дереу жергілікті имамнан көмек сұрап барған. Бұзаудың бүйіріндегі жазуды ұзақ зерттеген дін қызметкері бейненің “Аллаһ” жазуына ұқсас екенін айтады. Дегенмен, толықтай сәйкес келіп тұрған жоқ. Сондықтан, асығысытық жасамауды өтінеді.

Ел назарын аударған екінші бұзау
Ел назарын аударған екінші бұзау

Ал шаруа осы жылдың қаңтарында туылған бұзаудың бірін – Марадона, екіншісін – Рухшона деп атапты. Марадона деген себебі – футболға деген құмарлықтың белгісі болса, Рухшона табыс әкелетін ат дейді Ислам Батыров.

Related posts

Пікір қалдыру

Алғашқы болып пікір жазыңыз!

Маған хабар беру:
777
wpDiscuz