Жаңалықтар 

Шымкент әсем безендірілді

Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мерекесіне 1 апта қалды. Осыған орай қалада безендіру жұмыстарының 80 пайызы орындалған. Мердігер “Шымкент көркем” ЖШС-нің мамандары “2-3 күнде жұмыс толық аяқталады” деп отыр.

Шаһарда 3 үйдің қас беті безендірілді

Қала көшелерінде орнатылған мүсіндік кіші формаларды көпшілік байқап та үлгерді. Жыл басы мерекесіне орай тұрғындар мен қонақтарды қуантқан – “Шымкент көркем” мекемесінің мамандары. Шымшаһардың өзіне тән түнгі сұлулығын аша түсетін мүсіндерге тұрғындар қызыға қарап, естелікке түсіріп қалуға тырысуда.

Асан Пердешов, қала тұрғыны: “Жақсы жасап жатыр, барлық жерді жарқыратып. Безендірулер өте тамаша. Жан-жақтың барлығы өте жарық. Қарай бергің келеді. Шымкент күнне күнге дамып келеді. Әкімшілікке алғысымды білдіремін.”

Айнұр Кұрманова, қала тұрғыны: “Супер! Көңіліңді көтереді. Әртүрлі түстер көзің жауын алады.”

Биылғы барлық мерекелерге Шымкент қаласының бюджетінен 80 миллион теңге бөлінген. Оның 20 миллионы алда келе жатқан Наурыз мейрамына орай қала көшелерін безендіруге қаралған. Қазіргі кезде бірқатар шағынаудан көшелеріндегі 20 орынға осындай инсталляция орнатылған. Алдағы күндері Қонаев даңғылы бойына және әуежай, теміржол вокзалдары аймағына ерекше мүсіндер орнатылып, ұлттық нақыштағы безендірулер жасалады.

“Шымкент көркем” ЖШС директоры Алмас Шүкірбеков: “Қазір Наурыз мейрамы қарсаңындағы көркемдеу жұмыстары 80 пайызға орындалды. Қазір түнгі қаланы көркейтіп біттік. Енді күндізгі кіші архитектуралы мүсіндерді қоямыз.”

Қаладағы көпқабатты үйлердің хасбеттері де ертегі кейіпкерлері және ұлттық ойындар көрініс тапқан диодты шамдармен безендіріліп жатыр. Одан бөлек шаһар шұрайы сәулет туындыларымен толыға түспек.

Related posts

Пікір қалдыру

Алғашқы болып пікір жазыңыз!

Маған хабар беру:
777
wpDiscuz