Жаңалықтар 

Шымкентте таза былғары аяқ киім тігіледі

Шымкентте аяқ киім шығаратын шағын цех бар. Өнімі заманауи болғанымен, кәсіпкер көмекке зәру. Шағын ғана үш бөлмені жалға алатын кәсіп иесі ісін дамытуды көздейді. Бірақ жолын білмейді.

Шымкентте жасалған аяқ киімдер
Шымкентте жасалған аяқ киімдер

Бұл аяқкиімдер Шымкентте жасалған. Шетелден келетін тауарлардан кем емес. Таза былғарыдан тігілген, табаны қалың. Әрі заманға сай сәнді де.

аяқкиімдер дәл осы шағын бөлмеде жасалады
Аяқ киім дәл осы шағын бөлмеде тігіледі

Шымкентте аяқ киім шығаратын цехтың барын тұрғындардың бірі білсе, бірі біле бермейді. Ер-азаматтарға арналған жеңіл аяқ киім мен етіктер шағын бөлмеде дайындалады. Зауыттағыдай алып станоктар мен қымбат құрылғылар жоқ. Бар жоғы 10-12 маман қолдан қиып-пішіп, тігеді. Шикізаттың бір бөлігі, яғни, былғары Тараздан жеткізілсе, табандары көрші Ресейден әкелінеді. Еңбегі ауыр болғандықтан бір адам күніне 7-8 жүп аяқ киім тігеді.

Былғарыны пішеді

Пішілген былғарыны формасына салып тігеді

Оған табан тігеді
 
Табан осы жерден жабыстырылады, тігіледі
 

Кесілген, пішілген былғарыға сән беріледі

Шухрат Хасанов, цехтың қызметкері: “Біз кей кездері тапсырыстарды орындап үлгере алмаймыз. Отырған орнымыз тарлық қылады. Артық екі адам кірсе, қысылып кетеміз. Ал айлығымыз болады. Ең бастысы – өзіміздің жанымыз қалайтын жұмыс істейміз. Дегенмен, цех кеңейсе деп тілейміз.”

Цехтың егесі, кәсіпкер-Алимжан

Шағын цехты осыдан 15 жыл бұрын тоқырауға ұшыраған “Заря” аяқ киім зауытының бұрынғы маманы Әлімжан Ибраимов ашыпты. Алғашында табыс көзі болмаса да аяқтан тұрып кетуді ойлап, барын салған. Қасына жұмыссыз қалған әріптестерін шақырады. Алғашында екі-үш адаммен ғана аяқ киім шығарған оның қарамағында бүгінгі таңда 12 адам қызмет етеді.

Кәсіпкерлің ендігі жоспары – цехтың аумағын үлкейту. Ол үшін дайын тұрған қыруар қаржысы да, жобасы да жоқ. Бір әттеген-айы, цехтың иесі кәсіпкерлерге мемлекет тарапынан көрсетілетін қолдаудан бейхабар.

Былғары Тараздан келеді

Табан Ресейден әкелінеді

Әлімжан Ибраимов, цехтың басшысы: “Мен қайда, кімге барып көмек сұрауды білмедім. Кәсіпкерлерге қолдау көрсетеді деп естимін, бірақ жолын білмеймін. Мақсатым – цехты үлкейтіп, заманауи құрылғы алсам деймін. Егер көмек болып жатса, 30-40 адамды жұмыспен қамти алар едім.”

Шымкентте жасалған аяқ киімнің ерекшелігі барлығы қолдан жасалады
Шымкентте жасалған аяқ киімнің ерекшелігі – барлығы қолмен тігіледі

Бұл өнімдердің бағасы да қалта көтерерлік – төрт мың теңге мен бес жарым теңге аралығында. Шымкенттік өнімнің әзіргі алушылары шенді-шекпенділер емес, әскери қызметшілер мен қарапайым жұрт. Қытайдан келген киімдерден гөрі өзіміздің өнімді қолдасақ, кәсіпкерге мамандар жол сілтесе, Шымкентте шығарылған аяқ киімді көпшілік тұтынар еді.

Related posts

Пікір қалдыру

1 пікір - "Шымкентте таза былғары аяқ киім тігіледі"

Маған хабар беру:
777
Іріктеу::   соңғыларын | алғашқыларын | танымалдарын

Сіздердің мекен -жайларынызды қайдан табуға болады

wpDiscuz